Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасын мақұлдады

15.04.2023, 09:03
543
Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасын мақұлдады inform.kz

Францияның Конституциялық кеңесі жалпы зейнетақы реформасын мақұлдады. Бастаманың барлық дерлік ережелері, соның ішінде зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін көтеру және жәрдемақыларды азайту елдің негізгі заңы мен республика қағидаттарына сәйкес келеді, деп хабарлайды smartnews.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Алты тармақ қабылданбады. Оның ішінде 300-ден астам қызметкері бар кәсіпорындар үшін егде жастағы жұмысшылардың ең төменгі санын енгізуді, сонымен қатар, Конституциялық Кеңес оппозицияның зейнетақы реформасы бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қабылдамады.

Енді Франция президенті Эммануэль Макрон түзетулер енгізілген жағдайда өзінің сайлауалды уәделерінің бірін жүзеге асыратын бастамаға қол қоя алады. Елисей сарайы рәсімнің бұл бөлігін кешіктіруге болмайтынын түсіндірді. Келесі аптаның басында реформа күшіне енуі мүмкін.

Ал сейсенбіде Макрон кәсіподақ өкілдерін кездесуге шақырады. Реформаға қарсылар қазірдің өзінде мұндай келіссөздер өткізу екіталай деп жауап беріп, наурызда бүкіл ел бойынша бірнеше миллионға жуық адам жиналатын және Франциядағы ғасыр басынан бергі ең жаппай наразылық шерулерін жалғастыруға уәде берді.

Еске салайық, Францияда ұзақ уақыт бойы зейнетақы реформасына қарсы ауқымды наразылық шаралары өтті. Ел бойынша миллионға жуық адам, соның ішінде бір ғана Парижде 300 мың адам көшеге шықты.

Сауалнамаларға сәйкес, Франция тұрғындарының 76%-ы реформаға қарсы болғанымен, ел бойынша мыңдаған наразылықтарға қарамастан, Франция сенаты даулы реформаны қолдады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді