Ауыл мен қала оқушыларының арасындағы теңсіздік мәселесі қозғалды

16.06.2023, 19:21
627
Ауыл мен қала оқушыларының арасындағы теңсіздік мәселесі қозғалды Ауыл партиясы

Ауыл партиясы ұйымдастырған «Ауыл мектептерінің оқушыларына қосымша онлайн білім беру мен дайындық курстарының қолжетімділігі мәселелері» дөңгелек үстелінде бірқатар мәселелер көтерілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Елімізде әртүрлі дамыған білім беру бағыттары мен оқыту әдістері бар мектептер саны артып келеді. Десе де, білім беру саласында қала және ауылдағы білім алушылар арасындағы орта білім беру жүйесіндегі алшақтық бар. Осы мәселе төңірегінде бас қосқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орта білім беру, ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша жауапты министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының өкілдері талқылау жасады. 
 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Саурықов Ерболат бұл мәселеде қарасты пікір білдірді.

Министрліктер тарапынан ауыл мектептеріндегі білім сапасын жақсартуға қатысты біршама қадамдар жасалды. Алайда нақты нәтиже беретіндей іс – шаралар әлі күнге жүзеге асырылмай келеді. Әрине, қаншама жылдардан бері жалғасып келе жатқан бұл мәселенің  2-3 жылдың ішінде бірден шешім таба қоймасы анық. Бұл - қоғам болып талқылауды, үкімет пен үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекет пен бизнестің күш біріктіріп әрекет етуін керек ететін келелі мәселе. Ауыл оқушыларына қосымша білім алу мүмкіндіктерін ұсына білу үшін орта білім беру нарығындағы қолда бар барлық ресурстарды  жұмылдыра білуіміз қажет деп ойлаймын, - дейді депутат.

Еліміздегі барлық күндіз білім беретін орта мектептердің 68%-ы ауыл мектептерін құрайды. Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтыққа негізінен себеп көп. Оған ауыл мен қала тұрғындарының табыс деңгейі де, білім деңгейі де әсер етеді.

ҚР ОАМ дерегінше, ауылдық жерлердегі мектептердің 99.3% интернет қосылған. Бірақ сол ауылдардың тек 38,4% ғана интернет жылдамдығы Халықаралық телекоммуникациялар одағының талаптарына сай келеді.

Ауыл мектептеріндегі желінің нашар болуы олардың жоғары технологияларды пайдаланып, сапалы білім алуына кері әсерін тигізеді. Осы мәселелерді дөңгелек үстелде қатысушылардың бірі «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясы Орталық аппараты «Әлеуметтік мәселелер жөніндегі Орталықтың» жетекшісі Сейтжанов Қуаныш та көтерді. Бұл мәселені шешу үшін ол бірнеше ұсыныстар тастады:

- Ауыл мектептерінің білім сапасын көтеріп, ондағы дарынды балалардың бастауыш сыныптардан кейін мамандандырылған оқу ұйымдарында білім алуына мүмкіндік туғызу үшін оларға тегін немесе бюджет тарапынан субсидияландырылған қосымша онлайн курстар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру керек. Одан бөлек ауыл мектептері түлектерінің Назарбаев Университетіне немесе «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына қабылдауға дайындау үшін жекелеген пәндер бойынша тегін онлайн курстар ашу керек, - дейді орталық жетекшісі Қуаныш Қабыкенұлы. 

Бұдан бөлек дөңгелек үстелде ауыл мен қала мектебін тәмамдаған түлектердің білікті университеттерге түсу статистикасында да алшақтық бар. Мәселен, әлсіз мектеп базасының себебінен жалпы білім беретін ауыл мектептері түлектерінің арасында Назарбаев университетіне түскендері санаулы. ҚР ҒЖБМ ұсынған ақпаратқа сәйкес, үш жыл ішінде (2020-2022 жылдар) Назарбаев университетіне түскен жалпы білім беретін ауылдық мектептер түлектерінің саны небәрі 54 адамды құраған. 
 

 
Дана Асылбекова

Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады