Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі

01.04.2025, 16:55
596
Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Бақтылова Қарақат

Астана – дамушы мәдениет пен өнердің жаңа ошақтарының қалыптасу алаңы. Қала тек саяси-экономикалық орталық ретінде ғана емес, мәдени кеңістіктің маңызды хабына айналып келеді. Осы үрдістің бір айғағы – Forte Kulanshi Art Space, заманауи өнер мен шығармашылықтың ерекше синтезін ұсынатын жаңа платформа.

Forte Kulanshi Art Space тек дәстүрлі көрмелер өткізумен шектелмейді. Мұнда қазіргі заманғы өнердің әлеуметтік және технологиялық үрдістермен байланысын зерттейтін инновациялық жобалар іске қосылады.

Жаңа медиа, жасанды интеллект, виртуалды және кеңейтілген шындық (VR/AR) сияқты технологиялар қазіргі заманғы арт-кеңістіктерде маңызды рөл атқарады. Бұл бағыттар Forte Kulanshi Art Space жобаларында ерекше орын алып, Қазақстанда цифрлық өнердің дамуына ықпал етеді.

 

Бұл орталықта түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады:

1. Классикалық және заманауи өнер көрмелері;
2. Қазақстандық және шетелдік суретшілердің жеке экспозициялары;
3. Шеберлік сыныптары мен лекциялар;
4. Өнер мен бизнестің өзара байланысын зерттейтін шаралар.

Мұнда әр туынды тек көруге арналған зат емес, оны түсінуге, сезінуге, кейде тіпті онымен тілдесуге шақырады.

«Бұл жерге жай ғана қарау үшін емес, сезіну үшін келу керек екен.Шынымды айтсам, мұндай жерлерге қатты қызығып келе бермейтін едім. Бүгін бір шаруаларыммен кіре салған едім, керемет туындылардан ләззат алып шығып барамын. Кейбір картиналардың алдында ұзақ тұрып, қайта-қайта қарағым келді – олар өз мағынасын бірден ашып бермейді, керісінше, ойлануға, сезінуге мәжбүрлейді. Келіңіздер, көріңіздер, сезініңіздер»,— деді көрмені көруге келген Адина есімді көрермен.

Бұл пікір көрменің тек өнер туындыларын тамашалайтын орын емес, оның терең мағынасын ашатын алаң екенін көрсетеді. Forte Kulanshi Art Space – өнер мен эмоцияның түйіскен нүктесі, шығармашылықты жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін мекен.

Мақала авторы: Бақтылова Қарақат

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады