Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты

01.04.2025, 16:11
630
Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты dimashnews.com

Президент Димаштың концертінде болғанын да айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген Словения президентінің алдында өнер көрсетті. 

31 наурызда Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. 

Журналист Әділ Балтабаев Telegram-дағы арнасында Словения президенті мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы жазды.

Балтабаевтың айтуынша, шағын құрамда өткен келіссөзде Наташа Пирц-Мусар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әнші Димаш Құдайбергеннің фанаты екенін айтқан.

Алайда жоғары мәртебелі мейман тосынсый күтіп тұрғанын білмеген.

"Шын мәнісінде салтанатты қабылдау рәсімінде оның кумирі өнер көрсететін еді. Бұны естіген Словения президенті қуанышын жасыра алмады, тіпті сене алмай, бірнеше рет сұрады. Қабылдау кезінде Мусар Димаштың қолын алып, оның концертінде болғанын айтты. Димаш мұны естігенін айтып, ілтипат білдіргені үшін алғысын жеткізді", – деп жазды журналист.

Айта кетейік, Ақорда резиденциясында бірқатар іс-шаралар өтті. Салтанатты қабылдауда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген халық әні "Дайдидау" және француз тілінде "Sos d’un terrien en détresse" әндерін орындаған еді. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды