Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды

Аиса Махамбет Редактор
02.04.2025, 13:28
36386
Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды Forbes / Neil Jamieson

Тізімді Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким бастап тұр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Forbes әлемдегі миллиардерлердің дәстүрлі тізімін жариялады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Forbes 1987 жылдан бері әлемдегі миллиардерлерді бақылап келеді.

— Алғашқы жылы біз 140 адамды таптық. Олардың саны 1 000-нан асу үшін екі онжылдық қажет болды. 2017 жылы олардың саны 2 000-ға жетті. Енді, сегіз жылдан кейін, жаңа шекке жеттік: биылғы рейтингте 3 028 кәсіпкер, инвестор және мұрагер бар — бұл өткен жылмен салыстырғанда 247 адамға артық.

Сонымен қатар, миллиардерлердің саны ғана емес, олардың жалпы байлығы да өсті: олар бұрынғыдан да бай, жалпы капиталы 16,1 трлн доллар. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 2 трлн долларға көп. АҚШ-та миллиардерлердің рекордтық саны 902, одан кейін Қытай (Гонконгты қосқанда 516) және Үндістан (205). Біз 2025 жылдың 7 наурызындағы жағдай бойынша акциялар бағалары мен айырбас бағамдары туралы деректерді қолдандық, — деп жазылған басылымда.

Тізімді Илон Маск, Марк Цукерберг және Джефф Безос бастап тұр. Олардың байлығы сәйкесінше 342 млрд доллар, 216 млрд доллар және 215 млрд доллар.

Forbes 2025 жылғы әлемнің ең бай адамдар тізіміне жеті қазақстандық кәсіпкерді енгізді: Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Владимир Ким, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, сондай-ақ Болат Өтемұратов.

Вячеслав Ким — Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Оның байлығы 7,1 млрд доллар, ол әлемдік тізімде 464-орында.

Михаил Ломтадзе — Kaspi.kz серіктесі, оның байлығы 5,9 млрд доллар, ол 597-орында.

Тимур Турлов — Freedom Holding негізін қалаушы, оның байлығы 5,8 млрд доллар, ол 605-орында.

Владимир Ким — KAZ Minerals және Қазақмыс акционері, оның байлығы 5,7 млрд доллар, ол 620-орында.

Тимур және Динара Құлыбаевтар — Алмэкс холдингінің басшылары, олардың әрқайсысының байлығы 5,3 млрд доллар, олар 673-орынды бөлісіп отыр.

Болат Өтемұратов — ForteBank акционері, оның байлығы 3,7 млрд доллар, ол 979-орында.

Forbes әлемнің ең бай 20 адамынан алынған мәлімет бойынша олардың жалпы байлығы 2,8 трлн доллар деп бағаланды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды