746

Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды

Мопедін басқара алмай қалған қазақ жігіт қайтыс болды.

Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды
t.me/@novostiphuketa

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 сәуір күні Пхукетте жантүршігерлік жол апатынан Қазақстан азаматы қайтыс болды.

БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға 1 сәуір күні сағат 00:45-те Bypass Rd тасжолында болған. Ер адам жоғары жылдамдықпен келе жатып, мопедін басқара алмай қалған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Бастапқыда жергілікті билік оның ұялы телефонының экранында орыс тіліндегі жазуды көріп, оны «Ресейден келген турист» деп айтқан. Бірақ кейіннен қайтыс болған азаматтың Қазақстаннан екені және ол Таиланд аралында жұмыс істейтіні нақтыланды.

Материал авторы