438

Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды

Әкімдік артында тізілген Назарбаевтың суреттері жоғалып кетті.

Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды
stan.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың әр жылдары түскен суреттері алып тасталды. Әкімдік оның орнына гүлзарлар қойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Әкімдік мәліметінше, Керей пен Жәнібек хандар алаңын абаттандыру мақсатында жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жөндеу жұмыстары аясында құрылымдар бөлшектелді. Оның орнына көпжылдық гүлзарлар пайда болады. Сондай-ақ жарықтандыру тіректері орнатылып, көше жиһаздары жаңартылады. 

Бұрын бұл жерде экс-президенттің әр жылдары түскен фотолары бар стендтер орналасқан еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор