Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады

01.04.2025, 14:52
3465
Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Министрлік куәлік үшін суретке түсу мен қолтаңба қоюды жүйелемек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сәуірдің соңына дейін жеке куәлікті ауыстыру процесі толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Енді фотосуреттің талаптарға сәйкестігін маман емес, ЖИ-модель бағалайды. Осылайша, шамамен 1 млн адам ХҚО-ға бармай-ақ, уақытын үнемдейді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, өткен жылы Халыққа қызмет көрсету орталығының операторлары 15,2 миллион қызмет көрсетті. 

— Өтініштердің 80%-ы он қызметке тиесілі. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл қызметтерді автоматтандыру және баламасыз, тек онлайн форматқа көшіру бойынша жол карталарын әзірледік. Бірінші кезеңде: жеке куәлікті ауыстыру, электронды цифрлық қолтаңба беру, еңбекші мигранттарға рұқсат беру қызметтері. Келесі кезекте тіркеу қызметтері тұр: көлік, жылжымайтын мүлік, жер құжаттары. Мақсатымыз — жыл соңына дейін Халыққа қызмет көрсету орталығының жүктемесін 50%-ға дейін азайту, — деді Жаслан Мәдиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Мысалы, ең сұранысқа ие қызметтердің бірі — жеке куәлікті ауыстыру. Бұрын азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталығына келуі, фото түсіруі және ұзақ кезекте тұруы қажет болатын.

— Айдың соңына дейін бұл процесс толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Біз процестерді сәтті сынақтан өткіздік және фотосуреттің талаптарға сәйкестігін маманның орнына AI-модель бағалайтын жүйені оқыттық. Процесс барынша қарапайым: идентификациядан өту, фото мен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлем жасап, құжат дайын болғаны туралы SMS күту. Кезексіз, бармай-ақ, бәрі үйден шықпай жасалады. Аталған сервис шамамен 1 миллион адамның Халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігін жояды, — дейді сала министрі.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды