«Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды

Аиса Махамбет Редактор
02.04.2025, 11:33
851
«Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды бейнежазбадан алынған кадр

Тағы да күйеуге шыққалы жатқан Динара Сәтжан той көйлегінсіз қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі дизайнер Наиль Байкучуков журналист Динара Сәтжанға қатысты құпияны ашты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Сән әлемінің жұлдызы медиа маманынан ерекше тапсырыс түскенін оқырмандарына айтып берді. 

"Динара Ыстамбұлға небәрі бірнеше күнге ұшып келген болатын. Біз кездесіп, күліп-ойнап, дәмді кешкі ас іштік. Келесі күні кофе ішу үшін кездестік, сол кезде Динара "маған той көйлегі керек" деді. Мен бұған қатты қуандым. Динара менің музам болғандықтан, мен бірден жұмысқа кірістім. Сол күні түнде отыра қалып, Динараға той көйлегін тіге бастадым. Келесі күні Динара көйлекті киіп көруі керек еді. Бірақ ертеңінде Түркияда митинг басталып, байланыс жоғалатынын екеуміз де білген жоқ едік", -– деді дизайнер. 

Сән жұлдызының сөзінше, митинг басталғанда Ыстамбұлда интернет пен ұялы байланыс бұғатталған. Тек сол күні кешке ғана байланыс қалпына келе бастаған көрінеді. Ол кезде тележурналист ұшаққа мініп кеткен. 

"Ол менің түнімен тіккен көйлегімді киіп көре алмады. Бірақ мен Динараның көйлегін әлі тігіп жатырмын. Сондықтан, жуық арада біз Динара тойына киетін әдемі көйлегін көреміз деген үміттемін", – деді ол.

 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген