Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады

02.04.2025, 15:51
549
Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады freepik.com

Елімізде мойын қатерлі ісігі дендеп тұр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізде әйелдер арасында кездесетін жатыр мойны қатерлі дерті қатерлі ісік аурулары арасында екінші орында тұр. Бұл туралы Kazinform жазды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеуінше, елімізде жыл сайын шамамен 2 000 адамнан қатерлі ісік табылады. 

— Жатыр мойны қатерлі ісігінің деңгейі әлемде де, елімізде де өте жоғары. Бұл дерт елімізде әйелдер арасында кездесетін қатерлі ісіктер арасында екінші орында тұр. Әлемде жыл сайын 600 мың адам осы ауруға шалдығады. Қазақстанда орта есеппен жатыр мойын қатерлі ісігіне шалдыққан шамамен 2 мың науқас анықталады, оның 600-і қайтыс болады, яғни әр бесінші әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады, - деді Айжан Есмағамбетова елордада өткен іс-шара барысында.

Одан әрі ұлттық орталық басшысы вакцина маңызының үш факторын атады, яғни тиімді, қауіпсіз, әрі репродуктивті функцияға ешқандай әсер етпейді.

— Вакцинациямен қамту деңгейі әр өңірде әртүрлі. Кейбір аймақтарда 60%, кейбірінде 70%-ға жеткен. Дегенмен, вакцинация деңгейі төмен аймақтар да бар. Бұл Атырау облысы, Астана мен Алматы қаласы. Сондықтан мегаполистерде халық арасында түсіндіру жұмыстарын көп жүргізу қажет. Осы орайда семинарлар сериясын елордадан бастаудамыз, - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін елордада Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ұйытқы болуымен адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе егу шарасына арналған конференция өтті. Аталған шараға сала мамандары қатысты. 

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады