Елімізде қоқыс үшін айыппұл артады, ал шет елде қалдықты өңдеп сыртқа эскпорттайды

15.03.2024, 13:15
1394
Елімізде қоқыс үшін айыппұл артады, ал шет елде қалдықты өңдеп сыртқа эскпорттайды Halyq-uni

Еліміздің қалаларында қоқыс проблемасы бар. Себебі жыл сайын жиылған миллиондаған тонна қоқыстан құтылу қиындық туғызады. Бізде қоқысты өңдеу жағы кенжелеп тұр. Кейбір қалаларымызда қоқыс полигондары жазда бықсып өртеніп те жатады.

Қоқысты қайда құртудың есебін таппаған қала шаруашылықтары оны жайып, үстінен культивация жүргізетін кездері де болып жатады. Қалалардағы қоқыстың қолқаны қабар жағымсыз иісі мен жайылған түтіні тұрғындарға өте жайсыз тиетіні түсінікті. Мұны экологтар жиі айтып та жүр. Ал қала тұрғындарының ішінде қоқыстарын түнделетіп қабымен жол жиегіне тастап кететіндер де аз емес. Қысқасы, қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастау немесе көлік қорабынан аударып кету сияқты келеңсіз әрекеттерге қарсы шара қолданылатын болды. 

29-ақпанда Парламент Мәжілісінде депутаттардың алдында сөйлеген Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоқыс мәселесін көтерді. Ол қоқысты рұқсат етілмеген орындарға тастайтындар үшін жауапкершілікті қатайту жайлы айтты.  Министрдің сөзінше, қоқысты кез-келген жерге тастап кететіндерге айыппұлды көбейту көзделген. 

Қазақстан аумағы бойынша 2023 жылы 4,1 миллион  тонна қоқыс шығарылған екен. Соның 24 пайызы өңделіпті. Былтыр бір ғана Астананың өзінде рұқсат етілмеген жерлерді қоқысханаға айналдырудың 200 жағдайы анықталыпты. Әкімдіктер соның 86 пайызын жойған. 

Енді Парламент мәжілісінде қоқыс проблемасын шешудің жолдары талқыға түсіп, бір шешімі табылар, бәлкім. Тазалық пен тәртіп үшін талап күшеюі керек. Ал талап заңмен күшейтілсе нәтиже де болар. Келе-келе қоқысты өңдеу жолға қойылса, проблема азайса керек. Қоқысты 100 пайыз өңдеп, пайдаға асыратын елдер де аз емес. Одан электр және жылу қуатын алып жатқан елдер бар. Тіпті кейбір дамыған елдер өңдеп пайдаға асыру үшін сырттан миллиондаған тонна қоқысты сатып та алады екен. Мысалы, Финляндия соңғы уақытта Италиядан қоқыс сатып алып жүр. Одан өндірілген электр қуаты мен жылуды ондаған мың пәтер мен жер үйлерге ғана емес, өнеркәсіп орындарына да пайдаланып отыр. Осы күні Финляндия Ресейден мұнай мен газды да, отын мен көмірді де алмайтын болыпты. Бұл, бір жағынан, қоршаған ортаның таза болуына да септігін тигізсе керек. Қоқыстан, сонымен қатар, жылына 140 мың тонна компост деген тамаша тыңайтқыш өндіріп, шет елдерге экспорттайды.

Новрегия өзінің қоқысынан желім, темір, қағаз, ағаш заттарын бөліп шығарып, өңдеп, шет елдерге экспорттайды екен. Ал қоқыстан өндірген электр қуаты мен жылу қуаты өздеріне жыл бойы жетіп артылады. Олар 4 тонна қоқыстан 1 тонна мазуттың күшін алады.

Америка жылына 82 миллион тонна қоқысты өңдейді екен. Одан түрлі пайдалы бұйымдар жасап шығарады. АҚШ-та 550 қоқыс өңдеу зауыты жұмыс істейді. Кей штаттарда қоқыстан газ өндіріп, тұрмыста қолданады. 

Қоқысты пайдаға асыратын елдердің бірі Германия. Берлиндегі бір ғана қоқыс өңдеу зауыты 8 мың адамға жұмыс береді. Тағы бір қоқыс өртейтін Ruhleben деген фабриканың өндірген электр қуаты 61 мың пәтерді жыл бойы электр жарығымен толық қамтамасыз етеді екен. Германия өз қоқысы жетпеген соң сырттан жылына 4 миллион тонна қоқыс сатып алады. Сырттан алған әр тонна қоқыстың үстінен 800 доллар пайда көреді. Сырттан импорттаған 4 миллион тонна қоқыстан 3 миллиард 200 миллион евро таза пайда көреді. Бұл елде қоқысты сұрыптаумен және өңдеумен айналысатын жеке кәсіпорындар да көп.

Жапондар қоқыстан жылына 1 миллион тонна темір, 50 мың тонна түрлі-түсті металл ажыратып алады екен. Олар залалсыздандырылған және өңделген қоқыстан теңіздің бетіне жасанды арал салады. Ол аралдарда өмір сүруге болады. Өңделген пластик ыдыстардан жапондар спорт киімін, кеңсе тауарларын, кеңсе жиһазын, жұмысшылардың арнайы киімін, кілем, мектеп формасын, және басқа бұйымдарды жасайды. 

Бүкіл Швециядағы үйлер мен кеңселердің, өнеркәсіп орындарының жылуының 20 пайызы қоқыстың есебінен. Соның ішінде қоқыстан алынған қуатпен жылытатын жеке үйлердің өзі миллионға жуық. Ал қоқысқа кеткен жаман қағаздан таза қаған, жаман пластиктен таза пластик шығарады. 1 тонна мұнайдан алатын қуатты 4 тонна қоқыстан алады. Оларда электр қуаты мен жылу қоқыстан оңай өндіріледі деп жатады. Өздеріндегі 32 электр станциясының жұмысын тоқтатпау үшін қоқысты Германия, Англия, Италия, Норвегия, Бельгия және Ирландиядан сатып алып отырды. Нидерландыдағы жағдай да Швециядағыға ұқсас. 

Қоқысты өңдеп пайдаға асыру, яғни қоқыстан электр қуатын өндіру, мың-сан бұйым шығару, оларды экспорттау елдің бәсекеге қабылетті екенін және дамыған елдердің қатарында тұрғанын көрсетсе керек. Ендеше біз де соларға ұқсап бақсақ жаман болмаспыз. Қоқысты өңдеу мен пайдаға асырудың арқасында аулалар мен көшелер тазарады, кез-келген бұрышта қоқыс жатпайды. Ал одан өндірген бұйымдар мен электр қуаты экологиялық таза өнімге жатады. Әрі қоқыс – қып-қызыл табыс көзі екен.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді