Алматыда халықаралық деңгейдегі сарапшылар қатысатын ARCHICA-2024 дөңгелек үстел өтеді

08.10.2024, 13:18
686
Алматыда халықаралық деңгейдегі сарапшылар қатысатын ARCHICA-2024 дөңгелек үстел өтеді ARCHICA

Алматыда 10-11 қазанда Archica 2024 V Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді және осы күзгі іс-шара аясында «Қазақстан қалаларының Дизайн-коды» тақырыбына «дөңгелек үстел» ұйымдастырылады.

Болашақ қалалар  қандай болады? Кәсіпқойлар мен тұрғындар үшін қалалық ортаның қандай элементтері жайлылық тұрғысынан маңызды? Дизайн кодтарының негізгі тұтынушысы мен тапсырыс берушісі кім? Әкімдіктер дизайн кодтарды қалай жұмыс істете алады және оларға кім көмектеседі?

Осынау өзекті мәселелерді өңірлік атқарушы билік органдарының, сәулет және қала құрылысы басқармаларының, қалалардың дизайн-коды бойынша қазақстандық сараптамалық топтардың өкілдері «дөңгелек үстел» форматында талқылайтын болады.

«Дөңгелек үстелге» Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесінің спикерлері де қатыспақ, олар: компания директоры Асылбек Сабырқұлов және архитектуралық келбеттің жай-күйі туралы ақпаратты өңдеу және талдау бөлімінің басшысы Тамила Ролланова.

«Дөңгелек үстелдің» хедлайнері – Novaya Labs компаниясының басқарушы серіктесі Иван Курячий.

Сарапшының айтуынша, «дөңгелек үстел» барысында бүгінгі таңда барлық қалалар үшін дизайн-кодты құру және жақсарту бойынша өзекті мәселелер көтерілмек, сондай-ақ қаланың жергілікті бірегейлігін және дизайн-кодты әзірлеуге негізделген құндылық қондырғыларын сақтауға мүмкіндік беретін шешімдер қарастырылмақ.

«Қалалық кеңістіктің әрбір шаршы метрі жекежобалануы керек. Дизайн-код мәні де осында. Дұрыс жобаланған дизайн-код қалаларға аймақтың тарихи және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің ерекше және үйлесімдікелбетін қалыптастыруға, туристерді тартуға, қала тұрғындарыныңөмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Сондықтан дизайн-кодты әзірлеу қаланың тұрақты дамуының ұзақ мерзімді мақсаттарына негізделуі керек», - деп түсіндірді Иван Курячий.

Дизайн-кодбұл қаланы безендіру және жобалау, бірыңғай стиль жасау ережелерінің жиынтығы. Онда қалалық навигация сияқты ақпараттық және жарнамалық құрылымдарды, маңдайшаларды, сондай-ақ нысандардың қасбеттерін түстерінің гаммаларын сәйкестендіре отырып безендіру, көгалдандыру, жарықтандыру бойынша ұсыныстар жазылған. Қазақстанда үш қаланың Астананың, Алматының және Ақтөбенің дизайн-кодтары бекітілген, басқа қалаларда бұл үрдіске қатысты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.  

ARCHICA-2024 сәулетшілер конгресі биыл екі алаңда – Қазақстан мен Өзбекстанның екі қаласында өткізілмек, осылайша екі ел арасындағы көпжылдық достық пен ынтымақтастық қарым-қатынасқа маңыз берілмек. 10-11 қазанда іс-шара Алматыда және 14 қазанда Ташкентте өтеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды