Қазақстан биыл алғаш рет боччадан Азия Пара ойындарына қатысады

27.09.2023, 20:30
517
Қазақстан биыл алғаш рет боччадан Азия Пара ойындарына қатысады

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған адамдарға арналған паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі - бочча. Бұл - боулинг пен петанкке жақын, доп ойындарының санатына жататын стратегиялық спорттық ойын, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Боччаның ерекшелігі, ол тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың моторикасын қалпына келтіруге көмектеседі, интеллектуалды дамуына, тактикалық ойлауына және айналысатын адамдардың психологиялық жағдайына оң әсер етеді.

Дамыған елдерде бочча паралимпиадалық спорт түрі ретінде ғана емес, сонымен қатар денсаулық жағдайы әртүрлі балалар мен ересектерге арналған спорттық ойын ретінде де өз орнын тапты.

Осы спортта өзін танытып жүрген спортшы қыздарымыздың бірі жаңаөзендік 17 жастағы Амангелді Айдана Азаматқызы. Айдана - бүгінгі күні боччадан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі.

Ол 2006 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

2021 жылдың қазан айының басында «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында инклюзивті спорт үйірмелердің ішіндегі бочча спорт үйірмесімен танысады

«Басында аса қызығушылық танытпағанымды жасырмаймын. Бірақ анам YouTube желісінен спортшылардың ойындарын тамашалап көруімді ұсынды. Видеолардан кейін қызығушылығым біраз оянып, алғашқы жаттығудың басталуын асыға күттім! Алғашқы жаттығуға барған соң, ойынның ережелерімен таныса келе, бұл ойынның өте қызықты екенін түсіндім. Бұл ойынның менің денсаулығыма физикалық тұрғыдан да, логикалық жағынан да пайдасы зор екенін білдім» - дейді жас спортшы.

Жаттығуларда шыныққан Айдана Азаматқызы жарыстарға бара бастайды. Ең алғашқы үлкен жарысы 2022 жылы Астана қаласында өткен Боччадан ҚР чемпионаты болды. Өкінішке орай, бұл жарыста орын иелене алмай қалады. Алайда оған еш мойымай, қайсарлықпен жаттығуын жалғастырады.

«2023 жылдың маусым айының Боччадан ҚР чемпионатына қатысып, жүлделі екінші орынға ие болдым! Содан кейін Боччадан ҚР құрама командасының мүшесі атанғанымды естідім және де өте қатты қуандым!» - деп жас спортшы өз қуанышымен бөлісті. 

Ал тағы бір батыр ұлымыз астаналық Уразбек Мейірбек, боччадан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі, жасы 17.

2023 жылы наурыз айында «Қамқорлық» оңалту орталығында емделіп жүрген кезде реабилитолог маман Айнұр Мырзаханқызы бочча спорты туралы айта келіп, Мейірбек бочча ойынына қатыссын, денсаулығына шипалық ем болады деп ұсыныс жасайды.

Екі айдың көлемінде бочча ойынына қатысып жүріп, 2023 жылы 1-3 маусым аралығында өтетін паралимпиадалық боччадан Қазақстан Республикасының чемпионатқа қатысатын дәрежеге жеткен.

Жоғарыда аталған чемпионатқа қатысып, 1-ші жүлделі орынды иеленіп, Мейірбек боччадан Қазақстан чемпионы атағына ие болады.

«Келесі Қытайда, Ханджоу қаласында 2023 жылы 22 - 28 қазан аралығында боччадан өтетін Азиялық паралимпиадалық ойындарға қатысуға жолдама алып, қазіргі кезде қызу жаттығу дайындығы жасалуда. Енді балам Мейірбек осы жарыстада жүлделі орынды жеңіп алады деген үміттеміз!» – дейді спортшының анасы.

Айта кету керек спорттың бұл түрінің біздің елде дамуына Туризм және спорт саласын қолдау қоры «Sport Qory» мен «Самұрық-Қазына» АҚ ерекше көмек беріп келеді. Федерацияның стратегиялық міндеттерін қаржыландыру үшін жүйелі қолдау көрсетіп келеді. Бочча бойынша Қазақстан чемпионатын өткізу, спортшыларды жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз ету, кәсіби спорттық құрал-жабдықтар, оқу-жаттығу жиындары, бочча бойынша халықаралық рейтингтік жарыстарға қатысу, сондай-ақ халықаралық сарапшыларды тарта отырып, жаттықтырушылар құзыреттілігін арттыру ісінде де қамқорлық танытуда.

Боччаның тамыры Грециядн басталады. Онда ойыншылар тас нысанаға үлкен тастарды лақтырған. Сондай-ақ біздің дәуірімізге дейінгі 5200 жылы Мысырдағы қабірлерді қазу кезінде табылған заттарда спорт түріне қатысты заттар мен қабырға оюлары кезіккен. Орта ғасырларда бұл спорт базарларда және көшелерде танымал болған. Ал «бочча» сөзі итальян тілінен «боулинг ойнау» дегенді білдіреді.

Уақыт өте бұл спорт церебральды сал ауруына шалдыққан адамдарға арналған спорт түрі ретінде кеңінен тарады. Қазір оны қозғалыс функцияларына әсер ететін кез келген неврологиялық дерті бар адамдар ойнайды. Бочча алғаш рет 1984 жылы Нью-Йоркте өткен Паралимпиада ойындарында дебют жасады. Содан кейін алғаш рет бес түрлі елдің Канада, Дания, Ұлыбритания, Португалия және АҚШ атынан 19 спортшы – 10 ер және 9 әйел қатысты.

Қазір бұл бағыт спорттың ресми басқару органы болып табылатын Халықаралық Boccia спорт федерациясының (BISFed) мүшелері ретінде тіркелген әлемнің 50-ден астам елінде ресми түрде дамып келеді.

Қазақстанда бочча паралимпиадалық спорт түрі алғаш рет 2018 жылы Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар құрған ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған спорт секциясы ретінде пайда болды. Бочча бөлімі тек церебральды сал ауруымен ғана емес, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагноздары бар балалар арасында танымал болды.

2021 жылы Қазақстанның 10 өңірінде филиалдар желісімен 22 қалада үйірмелері бар Қазақстандық Бочча федерациясы пайда болды.

Жыл сайын еліміздегі үздік спортшыларды анықтайтын Қазақстан Республикасының чемпионаттары өткізіле бастады.

Жарыстар мен жүйелі жаттығулардың арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдардың боччаға деген қызығушылығы жыл сайын арта түсті.

Ал 2023 жылы Федерация серпінді дамып, Халықаралық Бочча федерациясына мүшелікке өтті. Енді Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері үшін кәсіби дайындық басталды.

Осылайша биыл Қазақстаннан алғаш рет Азия Пара ойындарында боччадан параспортшыларымыз қатысады.

Алдағы уақытта спортшыларымыз көк туымызды әлемдік додаларда желбіретсін деп тілейміз!

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады