«Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев

Аиса Махамбет Редактор
09.05.2024, 20:38
923
«Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев ашық дереккөзден

Тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаев «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында  Кенесары ханның бас сүйегінің Қазақстанға қайтарылуына қатысты ойын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ол тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдиновтің Кенесары ханның бас сүйегі елге қайтарылады деген сүйінші жаңалығын кейбір адамдар неге күлкіге айналдырғанын айтты.

«Олар Кенесарыға күлмеген секілді. Зиябек Қабылдиновке күлді деп ойлаймын. Өйткені, кез келген ақыл-есі дұрыс адам, Ресейдің таяу арада бізге Кенесарының басын қайтармайтынын біледі. Өйткені, Ресей өзінің империялық пиғылынан бас тартқан жоқ. Жалғыз ғана Кенесарының басы емес, ол жерде украин гетмандардың басы, поляк басшыларының басы бар, басқа ұлттардың басшылары бар. Ресей империясына кірген әртүрлі ұлыстар, ұлттар, мемлекеттердің бағыныштылығының символы есебінде бастар Ресейде сақталады. Жаман дәстүр. Сонау ерте, алғашқы қауымдық, рулық құрылыс кезеңінен қалыптасқан бір практика болған: көсемдердің бастарын жинау деген. Соны Ресей өзіне практика қылып алған. Бұл бас, менің білуімше, Петр I-ші заманында салынған кунсткамерада тұр. Ресей империясы деген Петр I-нің кезінен басталды, сол империяның атрибуттары есебінде ол Ресейде сақталады, бізге әзір берілмейді. Соны білетін адамдар Зиябектің соны алам дегеніне күлген болу керек» — деді ғалым.

Жамбыл Артықбаев Кенесары ханның бас сүйегі оралған күннің өзінде, Қазақстан керемет жаңарып кетеді дегенге сенбейтінін айтты.

«Біз бірте-бірте жаңғырып келе жатырмыз. Өйткені отаршылдық кезеңнен өттік. Совет үкіметі кезінде біз барлық жағынан кері кетіп қалдық. Ұлттық мүдденің орнына рулық мүдде төрге шықты. Отыз жылдық көрсетіп тұр ғой біздің жағдайымызды. Кенесары ханның басы келгеннен кейін, жаңа қазақ пайда болады дегенге мен сенбеймін. Бұл өзі эволюциялық жол, бірте-бірте жаңғырып келе жатырмыз, ақырын-ақырын ұлтқа керек жақсы идеяларды табуымыз керек. Сол кезде Кенесары ханның басы да қайтады ғой деп ойлаймын. Кенесары басын абыроймен әкеліп, жақсы бір пантеонға қойып, жерлеу керек деп ойлаймын», - дейді Жамбыл Артықбаев.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды