944

Абай Бегейдің қызы 16 жасында тұрмысқа шығуына қатысты бұрын айтылмаған шындықты ашты

Тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын дейді әншінің қызы.

Абай Бегейдің қызы 16 жасында тұрмысқа шығуына қатысты бұрын айтылмаған шындықты ашты
instagram.com/symbatabaikyzy

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы 16 жасында тұрмысқа шығуына қатысты бұрын көпшілікке айтпаған жайттарды бөлісті. Оның айтуынша, болашақ жары сол кезде өзін келісімінсіз алып кеткен.

Сымбаттың сөзінше, ол кезде тұрмыс құрып, отбасы болуды жоспарламаған. Болашақ жолдасымен араласқанымен, қарым-қатынастың мұндай жағдайға ұласатынын күтпеген.

«Күйеуге шығамын деп ойлаған жоқпын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде ол мені алып қашып кетті. Бұл туралы бұрын әлеуметтік желіде айтпағанмын», – деді Сымбат.

Ол жігіттің үйінде қалмай, одан қашып кеткенін де айтты. Кейін болашақ күйеуінің отбасы Сымбаттың әкесіне барып, оның келісімін алған.

Сымбат қазіргі таңда сол кезде қабылдаған шешіміне өкінбейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде жұбайымен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Сондай-ақ ол отбасында өзіне қысым жасалмайтынын, еркіндігі шектелмейтінін және қайын жұртымен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.

Сымбат Абайқызы 18 жасында ана атанған. Ол ерте отбасын құрғанына қарамастан, өмірін тек үй шаруасымен шектемегенін, өзіне ұнайтын істермен айналысып жүргенін атап өтті.

Еске салайық, Сымбат былтыр тамызда 16 жасында тұрмысқа шыққан болатын. Кейін жүктілігіне байланысты да әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылды.

Бұған дейін Абай Бегейдің қызы орамалын шешкені туралы да хабарланған еді. Кейін ол өміріндегі өзгерістерге қатысты оқырмандарына үн қатып, әр адамның өз жолы бар екенін айтқан. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор