994

Қайрат Нұртасқа концерт кезінде көрермен туфли лақтырды

Көрермен лақтырған зат әншінің басына тиіп, Қайрат Нұртас жағдайға сабырмен жауап берді.

Қайрат Нұртасқа концерт кезінде көрермен туфли лақтырды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Қайрат Нұртас концерт беріп жатқан кезде көрермендер арасынан сахнаға зат лақтырылып, ол әншінің басына тиген.

Оқиға әнші фан-аймақтағы көрермендерге қарап өнер көрсетіп тұрған сәтте болған. Бейнежазбада көрермендер арасынан лақтырылған телефонға немесе пауэрбанкке ұқсас заттың Қайрат Нұртасқа тигені көрінеді.

Әнші күтпеген жағдайға сабырмен қарап, тек жымиып қойған. Ол өнерін тоқтатпай, концертін жалғастырған.

Оқиғаға әлеуметтік желі қолданушылары да пікір білдірді. Көпшілік әншінің сабырлы реакциясын атап өтсе, кейбірі жағдайды әзілге айналдырып, оны басқа қазақстандық өнерпаздардың мінезімен салыстырған.

Атап айтқанда, пікір білдірушілердің бірі «Төреғали бұған жол бермес еді» деген әзіл айтса, енді бірі оның затты кері лақтырып жіберуі мүмкін екенін жазған.

Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда жеке концертін 4 қазанда өткізді. Бұған дейін әнші елордадағы «Астана Аренада» ауқымды шоу ұйымдастырған.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыдағы концерт кезінде Қайрат Нұртас пен Жұлдыздың суға секіргені туралы видео тараған еді. Ал Астанадағы концертте болған тағы бір оқиға әлеуметтік желіде талқыланған болатын. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор