«Ұлымның аутист екенін оқырманымнан білдім»: Қалаулым қатысушысы баласының сырқаты туралы айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
11.07.2024, 16:43
17171
«Ұлымның аутист екенін оқырманымнан білдім»: Қалаулым қатысушысы баласының сырқаты туралы айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Ұлым теледидарды теріс айналдырып отырып көреді дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Камила Саян алғаш рет баласының диагнозы туралы жан сырын ақтарды. Блогердің тұңғышынан аутизмдік спектр бұзылуы анықталған. 

Атышулы жобаның қатысушысы кейіннен жүргізушісі болған Камила Саян отбасылық өмірі туралы "Мамский әңгіме" подкастында сыр шертті.

Желі жұлдызы ұлының диагнозы туралы оқырмандарынан білгенін жасырмады. Сөзінше, көпшілік оған баласын дәрігерлерге қаратып, тексерту керектігін жазған.

"Тұңғыш баламның ерекше диагнозы бар. Бұрын құпия ұстап, ол туралы айтпауға тырысатын едім. Баламның аутизмдік спектр бұзылуы бар. Екінші баламды босанғанда бірінші баламды ойладым. Көп көңіл бөле алмадым. Қазір көбіне әкесімен жүреді. Балаға ана керек екен. Жасы 4-тен асты, әлі сөйлемейді. Емші мен тәуіпке де апардық. Түрлі массажға да жаздырдым. Бір жарым жасында ерекшелігін байқадық. Бірақ оны өзім сезгем жоқ. Маған оқырмандарым жаза бастады. "Балаңызды тексертіңіз" деп жазды.

Ұлым теледидарды теріс айналдырып отырып көреді. Оны біз күліп, жеке парақшамызға салатын едік. Оған дейін баланы тексерту керек деген хаттарды оқып жүрсем де, мән бермегенмін. Бір оқырманым "балаң аутист" деді. Сол хаттан кейін зерттей бастадым. Интернеттен қарап, оқығанда шошыдым. Мұның ауру емес екенін кейін білдік қой. Бірақ басында қорқынышты болды.

Невропотологқа апарғанда бәрі жақсы, қорқынышты ештеңе жоқ деді. Бірақ сонда да өзім ақпарат іздей бастадым. Жүрегім тыныштық таппады. Үйдегілер сөйлеп кетеді деп күтті. Бірақ мен оған сеніп, бейқам жүргім келмеді. Бұрын ұлымды көп салатын едім. Қазір азайттым, емінен нәтиже көргенде бәрін бастан-аяқ айтып беремін", - деді Камила Саян.

Елдегі танымал блогер қызды өз оқырмандары жалаңаш видеоға түсті деп айыптады (ФОТО) Форумда Президенттің атынан мемлекеттік награда таратқан алаяқ түрмеге қамалды «Жатыр жоқ, ұрығы бар»: Парижде алтын алған боксшы Иман Хелифтің медициналық құжаты әшкере болды «Жаңа зауыт құрылысын бастады»: Баян Алагөзова күйеуінің жағымды жаңалығын көпке жеткізді «Суға итеріп, батып кеткенше қарап тұрған»: марқұм 13 жастағы Мерланның туыстары тергеудің әділ жүргізілмей жатқанын айтты Маңғыстауда тағы 121 итбалықтың өлексесі табылды «Не енді мынау?! Ұл мен гүл деп»: Ерке Есмахан концерт кезінде сөзінен шатасқанын мойындады «Қызын байға бердің, ұлын бөлек шығардың»: Абай Бегейдің әйелі туыстардан шаршағанын айтып, жылап қалды (ФОТО) «Ұлым үйленбей жүре тұрса, өзіміз бөпелі боламыз»: Жазира Байырбекова бір айда екі рет ана атанған Баян Мақсатқызына тамсанды СҚО тұрғындары сапалы ауыз суға жарымай отыр «Мамамнан айырылып қалдық»: Талғарда тағы бір кісі өлімі болды Аты шулы Хасан 2 айға қамалды Танымал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев көп бала туатын аналарды сынады Елімізде қанша адам банкрот деп танылды? «Күреп жатырмыз»: Көшелерін қар басқан Оралда көлікпен қатынау қиындады Алматыда тағы жер сілкінді Ебін тапқан екі асар: атыраулық әже «Тиктокты шайқап», 10 млн теңге ақша тауып отыр (ВИДЕО) Сыйақы дауы: Мемлекеттік қызметшілер пара алуға мәжбүр бола ма? Алаяқ келін: Ата-енесінің атына несие рәсімдеп, тақырға отырғызды «Нөсер, тұман, көктайғақ»: 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды