Елімізде қанша адам банкрот деп танылды?

05.11.2024, 12:59
933
Елімізде қанша адам банкрот деп танылды? коллаж smartnews.kz

Банктерден бәленбай несие алып, белгілі себептермен берешегінен құтыла алмай жүрген азаматтар аз емес. Жағдайды реттеу үшін ел заңына «банкрот» мәртебесі туралы өзгерістер енгізілген болатын.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов 2023 жылдың 3 наурызынан бері елімізде 17,9 мың азамат банкрот деп танылғанын мәлімдеді.

«2023 жылдың 3 наурызынан бері соттан тыс банкроттық рәсіміне 131,3 мың өтініш түсті. 6,6 мың өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралуда. 8,4 мың азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде. 1,9 мың азаматқа қатысты рәсім тоқтатылды. 215 өтінішті өтініш беруші өзі қайтарып алды. 17,9 мың азамат банкрот деп танылды, қарыз сомасы — 40,9 млрд теңге. 96 мың өтініш бойынша бас тартылды», — деді ол.

Банкроттық рәсімнен бас тартуға өтініш берушілердің арнайы критерийлерге сәйкес келмеуі себеп болған. Атап айтқанда:

— 69 мың өтініш (немесе 77%) 12 айлық төлем қабілетсіздігі болмауына байланысты (бөліп төлеу төлемдер болды);

— 42 мың өтініш (немесе 47%) — соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімінде кредиторлардың болмауына байланысты;

— 39 мың өтініш (немесе 44%) мүліктің болуына байланысты;

— 28 мың өтініш (немесе 32%) кредитормен реттеу рәсімін растайтын құжаттың болмауына байланысты;

— 8,9 мың өтініш (немесе 10%) 1 600 АЕК көлеміндегі қарыз шегінен асып кетуіне байланысты кері қайтарылған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді