Ебін тапқан екі асар: атыраулық әже «Тиктокты шайқап», 10 млн теңге ақша тауып отыр (ВИДЕО)

05.11.2024, 11:15
1870
Ебін тапқан екі асар: атыраулық әже «Тиктокты шайқап», 10 млн теңге ақша тауып отыр (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

«Батыстың әжесі» деген атпен танылған 70-тегі атыраулық әже TikTok компаниясына ресми түрде жұмысқа тұрған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, TikTok желісі танымал еткен Хадиша Төлеғалиқызын ондағы жастар «Батыстың әжесі» деп танитын көрінеді. Оның қазір әлжеліде 87.1 мың жазылманы, мыңнан астам тұрақты көрермені бар. 

Хадиша әже күнделікті үзбей тікелей эфирге кіріп отырады. Ондағы жастармен еркін әңгімелесіп, оларға ақылын айтып, көбіне эфирде батл жарысына қатысады.

Жас күнінде күйеуінен ерте айырылып, жесір қалған Хадиша апа бала-шағаның қамы үшін қартайғанша көше сыпырып, еден жуып күнін көрген екен. Енді міне, зейнеткер «бала-шағаның болмашы ермегінен» ебін тауып, 10 млн табыс алып, керегіне жаратып отыр. Кейуананың айтуынша, TikTok компаниясының агенттігі зейнеткермен келісімшарт жасасып, желідегі жоғары белсенділігі үшін жақсы жалақы төлеп отыр екен. 

- Басында мен TikTok-қа тіркелген кезде Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыған видеоларымды салдым. Бірақ өлең оқып, жастарды қызықтыра алмадым. Содан бір күні кездейсоқ тікелей эфирге шықтым. Менің тікелей эфиріме қосылғандардың қатары арта бастады. Сөйтіп, эфирге шығу күнделікті әдетіме айналды.

Кейінірек TikTok агенттігімен келісім жасадым. Енді олар маған жалақы төлейді. Менің аудиториям – әлеуметтік желілерді жақсы білетін жастар. Қазір пайдаланушылармен батлға шығамын, ақыл-кеңесімді айтамын. Мені жастар жақсы түсінгенімен, үлкендер жағы сынап жатады. Ал бұл мен үшін қосымша табыс, - дейді әже.

Сондай-ақ TikTok-ты меңгергелі ауруым мен сырқатымды, уайым-қайғымды ұмыттым дейді Хадиша әже. Оған әуелде қалай эфирге кіру керегін, әлжеліні қалай басқару керегін немерелері көрсетіп жүрген. Қазір кейуана парақшасын толықтай өзі жүргізеді. Ол тіпті эфирге кіру үшін арнайы орын дайындап, бөлме жабдықтап та қойған. 

- Қазір мен басым ауырып, балтырым сыздады деп отырмаймын.  Ауруымды ұмыттым. Тікелей эфир кезінде басқа елде тұратын адамдармен де сөйлесемін. Өзіме ұнайтын іс болғандықтан жаным рахаттанады. Ұлым мен келінім күні бойы жұмыста. Мен өзім немерелерімді бағамын, тәттілеп тамақтарын жасап беремін. Ал бос уақытымда мені TikTok-тан табасыздар, - деді TikTok-ты бағындырған зейнеткер.

Үш немересіне бас-көз боп отырған Хадиша апа өзін желіде жастар үнемі қолдап, үлкен кісі деп сыйлайтынын айтып қуанды.

- Қарашаның төртінде TikTok-ке кіргеніме бір жыл болды. Балам «үйде бала қарап отырсың ғой, TikTok-ке шығасың ба?» деді. «Ойбай, шығайын, маған да ермек керек» дедім. Қалаға келгелі әңгімелесетін үлкен адам жоқ. TikTok-ты шайқап-шайқап жатырмын. Мені «әжеге болсын» деп қазақтар қолдайды. Үлкен кісі деп сыйлайды, - дейді әже қуанып.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады