«Күреп жатырмыз»: Көшелерін қар басқан Оралда көлікпен қатынау қиындады

Аиса Махамбет Редактор
05.11.2024, 12:21
691
«Күреп жатырмыз»: Көшелерін қар басқан Оралда көлікпен қатынау қиындады Kazinform

Әкімдік қаланы қардан тазарту жұмысы басталғанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласында кеше кештен бері жауған алғашқы қар көшелерді басып қалды. Бұл туралы Kazinform жазды.

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, қардан тазарту жұмыстарына 139 арнайы техника, соның ішінде 25 құм төсегіш, 30 «МТЗ» тракторы, 53 «КамАЗ», 27 тиегіш, тротуарларға арналған 4 «ВТЗ» тракторы жұмылдырылған.

«Ең алдымен техникалар жол қауіпсіздігі үшін негізгі және магистральдық көшелерді тазартуда. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін қалған көшелер мен жеке секторларға кезек келеді. Қазіргі уақытта «Асан» және «Балауса» полигонында 30 мың тонна құм-тұз қоспалары дайындалды. Қала көшелерінде жол-көпір шаруашылығының 300 жұмысшысы жұмыс істеуде. Қол жұмыстары саябақтар мен скверлерде жүргізіліп, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдері тазалануда», — деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, жауған қардың салдарынан көктайғақ пайда болып, көлік қозғалысына қиындық келтіруде.

Қаланың шеткі аудандарында көше жолдары әзірге қардан тазаланып жатқан жоқ. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды