Танымал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев көп бала туатын аналарды сынады

Аиса Махамбет Редактор
05.11.2024, 13:35
1744
Танымал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев көп бала туатын аналарды сынады baq.kz

Алты балаңыз болса, оларға жүйкесі тозған анадан келіп-кетер пайда жоқ дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде танымал отандық психолог Ержан Мырзабаев көп бала туып, жүйкесі жұқарып жүретін аналарды сынады.

Маман қазір баланың санына емес, сапасына мән беретін уақыт.

Бала күтіміне байланысты демалысқа шығып, 10-15 жыл бойы сонда қалатын әйелдер бар. Бес-алты баланы бірінен кейін бірін туып тастайды. Мен бала тууға қарсы емеспін. Әрине, Қазақстанның демографиясының артуын қолдаймын. Бірақ біз ата-ана ретінде санға емес, сапаға көбірек назар аударуымыз керек. Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, жүйке жүйеңіз тозып, миыңыз ашып, психикаңыз бұзылатын болса, ашулы болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп, күнделікті айқай-шу, ұрып-соғатын болсаңыз, күйеуіңізге тиісіп, қарым-қатынас нашарлайтын болса, бұл алты баланың, өкінішке қарай, сізден алар пайдасы аз. Одан да үш бала болсын, әр бала арасында 2-3 жыл демалыс болсын, - дейді ол. 

Психологтың айтуынша, көп бала дүниеге әкелген ата-аналар үйінің кенжесіне ғана махаббатын, қамқорлығын көрсетеді, ал басқа балалар мұның бәрінен жұрдай қалады.

Әр баладан кейін қалпыңызға келіп алыңыз, демалып, өзіңізге келіп алыңыз, миыңызды жинақтап алыңыз. Келесі баланы саналы түрде жоспарлап, дүниеге әкеліңіз. Сол кезде сіз 10-15 жылдың ішінде үш-ақ бала туарсыз, бірақ әр бала сізден ана ретінде, әке ретінде толыққанды сүйіспеншілік, мейірім көріп өседі. Ал бізде 5-6 бала туып тастайды, ең кішкентайы ғана ата-ананың сүйіспеншілігін көреді, қалғандарының барлығы үйдің бір бөтен баласы сияқты жүреді, - деді психолог.

Шикі газды көп жаққан компания 3,5 млрд теңге залал өндіретін болды Алматы облысында жеке клиниканың дәрігері науқасқа шабуыл жасаған (ВИДЕО) Менен кейін өледі деп ойлайтынмын: Исабеков Мағауиннің әруағынан кешірім сұрады «Сахна сәні»: әнші Мақпал Жүнісованы министр және эстрада өкілдері туған күнімен құттықтады (ФОТО, ВИДЕО) Қазақстан тағы да Орталық Азиядағы ең мықты әскері бар ел деп танылды Оңтүстік Кореядағы әуе апаты: ұшақтың «қара жәшіктеріне» қатысты тың дерек шықты «Ресей дәлел болмасын деп кәріс әскерін өлтіреді»: Зеленский Украинаға қарсы соғыста тұтқынға алынған солтүстік кореялық сарбаздарды әшкереледі Әлемдік білім олимпиадасын астаналық бала жеңіп алды Енді қоғамдық орында боқтап, түкіргендер көше сыпырады Астанада әйеліне ренжіп, көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан ер адам 5 тәулікке қамауға алынды Автобуста жол ақысын төлемейтіндерді анықтайтын жүйе Астанада орнатылды 4 жасар бала басын орындыққа қысып алды Алматыдан тағы да жер сілкінді Жеті жасар қыз ата-анасының атына несие рәсімдеген 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Өнерім жетіп артылады»: ұн илеп, үй сылаған Назым Қызайбай жанкүйерлерін таң қалдырды 10 жастағы қыздарға «Ғашық болып қалдым» деп жазған блогерге қатысты тексеріс жүргізілмек Баскетболшы сүйіктісін қонақүйге чемоданға тығып алып кірген «Кері бұрыл, тупой!»: Астана полициясы жүргізушіге дөрекі сөйлеген қызметкерлеріне қатысты тексеріс бастады Бір адам қаза тапты: Жетісу облысында көлік жол жиегіндегі жаяу жүргіншілерді қағып кеткен