1114

Маңғыстауда тағы 121 итбалықтың өлексесі табылды

Өткен аптада Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағасынан 289 өлі  итбалық жиналған болатын. Әзірге жануар өлімінің себебі нақты айтылған жоқ. Бүгін тағы да 121 өлексе тіркеліп отыр.

Маңғыстауда тағы 121 итбалықтың өлексесі табылды
Mirgaliy Baimukanov

«Итбалықтар солтүстік-батыстан соққан желден жағаға шығып қалған. Өңірге Алматы қаласындағы микробиология және вирусология институтының мамандары келіп, Форт-Шевченко, Баутино қалаларына жеткіздік. Олар сынама алуға жарамдыөлекселерден материалдар алып бастады. Бұл – бас институт.

Ал, осыған дейін келген ғалымдар сынамаларды алып кетті. Зерттеу жұмыстарының алдын ала қорытындысы шамамен 2-3 айда ғана шығады. Өйткені ол ұзақ процесс», - дейді Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.

Материал авторы