СҚО тұрғындары сапалы ауыз суға жарымай отыр

05.11.2024, 15:24
708
СҚО тұрғындары сапалы ауыз суға жарымай отыр көрнекі фотосурет / stalingrad.news

Мемлекет тарапынан өңірлерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлініп жатса да Солтүстік Қазақстан облысындағы көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Тіпті, кейбір ауылдың тұрғындары әлі күнге дейін тәшкемен су тасуға мәжбүр.

Атап айтсақ, өңірдің 42,5 мың тұрғыны суды тасып ішіп немесе жергілікті су көздерін пайдаланып жүр. Бұл мәселе СҚО прокуратурасында заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында көтерілді.

Белгілі болғандай, өңірдегі 42,5 мың тұрғыны бар 202 ауылда су құбыры жоқ, облыстағы бар су құбыры 35% тозған. Соның ішінде Петропавлда су беру желісі 58%, Ақжар ауданында 49% және Аққайың ауданында 43% ескірген.

Прокурорлардың айтуынша, сумен жабдықтаудың жекелеген көздері иесіз тұр, кейбірі санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, суды тұтынуға бекітілген тарифтер жоқ. Сондай-ақ кей су беру нысандары сапасыз салынған, не болмаса жөнделген, кейбірінде қалпына келтіру ұзаққа созылып кеткен.

Санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін су көздерін пайдалану тұрғындардың денсаулығына зиян екені айтпаса да түсінікті. Жыл аяқталды. Жергілікті әкімдік келесі жылы ауыз су мәселесін шешуге қаншалықты көңіл бөліп отыр екен?

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді