1007

Алматыда тағы жер сілкінді

Бұған дейін орын алған жер сілкіністерінен кейін алматылықтар басқа өңірге қоныстану мәселесіне ойлана бастаған еді. Кейін жағдай тұрақталды. Десе де, бүгін Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезінді.

Алматыда тағы жер сілкінді
pixabay.com

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 1 минутта Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісін тіркеді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер нақтылануда»,- деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Android телефондарына келген хабарламада Алматыда 4.5 балл қуатымен сезілді делінген.

«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 33 шақырым жерде, шығысқа қарай орналасқан»,- деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ зілзаланың күші Алматыда 3, Талғарда — 4, Есік қаласында — 4, Түрген ауылында 3, Өтеген батыр ауылында 3, Боралдай ауылында 2, Маловодное ауылында, С. Ж. Қайыпова ауылында 2, Алатау қаласында (Жетіген) 2, Қарасай қаласында (Қаскелең) 2 балл болғаны айтылған хабарламада.

Материал авторы