НАТО Қытайға не бізбен бол, не Ресеймен бол дегісі келетінін аңғартты

23.07.2024, 11:49
689
НАТО Қытайға не бізбен бол, не Ресеймен бол дегісі келетінін аңғартты mskgazeta.ru

Вашингтонда НАТО-ның саммиті өтіп жатыр. Мұндағы әңгімеге арқау болған басты мәселенің бірі Ресейдің Украинадағы соғысы.

Жиын басталардан бір күн бұрын Ресей әскері Украина қалаларына үсті-үстіне зымыран ұшырып, бірқатар әлеуметтік нысандарды, соның ішінде балалар ауруханасы мен перзентхананы қиратты. Соңғы мәліметте 43 адамның опат болғаны келтірілген. Көз жұмғандардың ішінде жас балалар бар. Сәйкестік деуге келмес, НАТО саммитінің дәл қарсаңында осындай шабуылдың жасалуын НАТО-ға мүше елдер айыптап жатыр. Сарапшылардың айтуына қарағанда, Украина қалаларына биылдыққа жасалған шабуылдардың ішіндегі ең сұрапылы осы болған. 9-шілде Украинада қаралы күн деп жарияланды. Ал, 10 шілдеде Вашингтонда НАТО-ның саммиті басталды.

Ресейдің қойып отырған талаптарының бірі – Украинаның НОТО құрамына қабылданбауы. Мұндай талап НАТО-ға мүше елдерді алаңдататыны бірден байқалған. Сондықтан болар, НАТО саммитінде Украинаның НАТО-ға қабылдау мәселесі әзірге күрделі күйінде қалдырылды. Бірақ күндердің күнінде қабылдануы мүмкін екені айтылды. Әрине, соғыс жағдайындағы мемлекетті НАТО-ға мүшелікке қабылдай салмайтыны түсінікті. НАТО-ға мүшелікке қабылдаудың өз шарттары бар. Мысалы, соғыс жағдайында болмауы, реформалардың нәтижесінде экономикасы мен әлеуметтік саясаты жақсы жолға түскен, ішкі саясатта демократияға ден қойған болуы керек. Әзірге Украина соғыс жағдайында болғандықтан бізді НАТО-ға қабылдаңыздар деп айта алмайды.

Бірақ НАТО блогы Украинаға көмектеспей тұра алмайтыны тағы түсінікті. Себебі НАТО-ның өзі Ресеймен текетірес жағдайында. Ресей Украинаны тізе бүктірсе ары қарай НАТО мемлекеттеріне ауыз салады деп қауіптенетіні жиі айтылып жүр.

Қазір Украина да, Ресей де тығырыққа тіреліп тұр деуге келеді. Ресей қалайда келіссөздерге қол жеткізіп, соғысты тоқтатқысы келеді. Бірақ Ресей Украина өзінің әскерін Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон жерлерінен алып кетсін дейді. Яғни Ресей бұл жерлерді өзіне алып қалса ғана соғыс тоқтайтынын меңзеп, соған сәйкес келіссөз жүргізгісі келеді. Ал Украина ондай шартқа көнбейді. Әрине, Украина халқы мен әскері соғыстан әбден шаршап, титықтады. Бірақ билігі мен қоғамы Ресейдің шартын қабылдай алар емес.

Саммитің басты тақырыбы Ресейдің Украинадағы соғысы болып жатқанын жоғарыда айттық. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаны Ресейге қарсы қолдауды жалғастыра беру керек дегенді айтады.  Оның сөзінше, бұл соғыстың нәтижесі ондаған жылдар бойы жаһандық қауіпсіздікке әсер етеді.

АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ға мүше елдер Украинаға әуе қорғаныс жүйелерін беретінін мәлімдеді. Байден Германия, Италия, Нидерланды және Румыниямен бірге Украинаға «Patriot» батареялары мен бөлшектерін жеткізетінін айтты.

Саммитке Украина президенті Владимир Зеленский де шақырылған.

Зеленский саммитке барар алдында «Әлем Ресейді тежеу үшін қарашада өтетін АҚШ  президенттік сайлауын күте алмайды» деп мәлімдеген.

Украина президенті АҚШ әкімшілігіне нақты шешімдер қабылдаудың уақыты келді деген сыңай танытқан.

Саммитте талқыға түскен тағы бір негізгі тақырып – Қытай. НАТО-ның Қытайға көңіл бұруының себебі бар. АҚШ соңғы жылдары Ресейден көрі Қытайды қауіпті стратегиялық бәсекелес санап келе жатыр. Сарапшылар Қытайға қарсы альянс қалыптасып келе жатқанын айтады. Бұған Австралия, Үндістан және Жапонияның жаңа диалог алаңы негіз болуы мүмкін. Қытайға қарсы осындай әрекеттің басында АҚШ тұрғаны түсінікті.

Қытайдың экспорттық өнімдері Ресейдің әскери өнеркәсіп базасын қамтамасыз етіп жатыр деген түсінік бар. Қытай НАТО мүшелері үшін Ресейдің соғысын астыртын қаржыландырушы тарап ретінде қарастырылады. Вашингтондағы саммитте бүгін Қытайға қарсы мәлімдемелер айьтылуы мүмкін. НАТО-ның  бас хатшысы Йенс Столтенберг бұған дейін Қытайға қатысты жағымсыз мәлімдеме  жасаған. Ол Қытайды екі тарапқа бірдей жақсы болып көрінуді тоқтатуға шақырған. Саммит үш күнге жоспарланған. Бүгін аяқталады. Оның негізгі тақырыбы Украинаға қолдау көрсету болып қала беретіні айтылуда.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды