606

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті

Астанада қала күніне арналған мерекелік отшашу жоғары деңгейде өтті

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті
Астана әкімдігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шара демеушілердің қолдауымен өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жариялады.

Отшашу 23:00 шамасында Ботаникалық бақ аумағынан атылды. Мерекелік Open Air мен отшашуды тамашалауға 100 мыңнан астам адам жиналды. Отшашудың жалпы ұзақтығы – 5 минут, ал атылған фейерверк саны – 1 700-ден асты.

«Астана Арена» стадионы маңындағы үлкен концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында Қазыбек Құрайыш, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы, жастардың сүйікті тобы 6elucci, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Ильхан және Тұрар бар.

Айта кетейік, Астана күніне орай елордада 100-ден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, шоу, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, спорттық жарыстар және басқа да ерекше іс-шаралар ұйымдастырылды.