«Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді

06.07.2025, 16:12
1446
«Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді SMARTNEWS.KZ коллажы

Енді шикілігі көп Жәнібектің ісіне Шерзат отбасының адвокаты Мейірман Шекеев араласпақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, анасын іздеп жүрген Жәнібектің тағдырына байланысты жаңа бетбұрыс болды. Белгілі заңгер, тәжірибелі құқық қорғаушы Мейірман Шекеев баланың ісін өз қолына алды.

Бұл туралы қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Сондай-ақ істі ұзақ уақыттан бері бақылап жүрген журналист тергеу барысындағы негізгі кедергілерді ашық айтты.

Оның айтуынша, 2024 жылдың 31 қаңтарында ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 3-бөлігі бойынша Арқалық қаласында қылмыстық іс қозғалғанымен, ол әлі күнге дейін сотқа жетпеген.

– Бір жылдың ішінде іс бірнеше мәрте тоқтатылып, қайта жанданды. Жәбірленуші ретінде менің көп нәрсені жарияламауыма тура келді. Бірақ сіздерге үнсіз отырғаным «ештеңе болып жатқан жоқ» дегенді білдірмейді, – деп жазды Қымбат Досжан.

Не белгілі болды?

2025 жылдың 9 маусымында қабылданған қаулыға сәйкес, тергеу аясында ондаған адамның ДНҚ үлгісі Жәнібекпен салыстырылған. Бір әйел 2002 жылы қаңтарда Арқалық перзентханасында босанғанын мойындап, қолхаттағы жазу өзінікі екенін растаған. Алайда екі рет жасалған ДНҚ сараптамасы бұл әйелдің Жәнібекке ешқандай туыстық қатысы жоқ екенін дәлелдеген. Бұл – Жәнібектің сол перзентханада дүниеге келгеніне күмән тудыруда.

Сонымен қатар, Жәнібек үшін 12 000 доллар алды деген күдікке ілінген азамат тергеу барысында күдікті емес, керісінше қорғалуға құқығы бар куә ретінде танылғаны белгілі болды. Бұл да қоғамда қызу талқыға түскен жайттардың бірі.

– Мәселе – жалғыз Жәнібектің кім екенін анықтауда ғана емес, жалпы бұл жүйеде не болғанында. Арқалықтағы перзентхана мен балалар үйінің басшылығы осы салада кеткен кемшіліктер үшін жауап беруі тиіс, – дейді Досжан.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Америкада тұрып жатқан, сол жылдары Арқалықтан асырап алынған тағы бір баламен Жәнібек ауысып кеткен болуы мүмкін деген нұсқа да тексерілуде.

Жаңа үміт – жаңа заңгер

Қымбат Досжан бұл істе енді Халық заңгері Мейірман Шекеевтің көмегіне жүгінетінін мәлімдеді:

– Жалғыз күресіп, талай кедергіге тап болдым. Енді Мейірман Қалмаханұлымен бірігіп, шындықты ашамыз деп сенемін. Біз әділ шешімді талап етеміз. Осы сәттен бастап іс бойынша нақты ақпарат тек менің, Жәнібектің және заңгеріміздің парақшасында жарияланады, – деді тележүргізуші.

Атышулы іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр. Қоғам әділетті шешімді күтуде. Жәнібек кімнің баласы? Бұл сұрақтың жауабы алдағы уақыттың еншісінде. Ал Қымбат Досжан мен Мейірман Қалмаханұлы бұл жұмбақтың түйінін тарқатуға бекініп отыр.

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады