Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды

06.07.2025, 15:35
841
Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды instagram.com/krisp_almaty

Алматы әуежайында рейсін күтіп отырған бала әйнекке соғылып, маңдайынан жарақат алды. Әуежай әкімшілігі барлық медициналық шығынды өз мойнына алғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда 4 шілде күні 7–9 жас шамасындағы бала жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, ол Алматы–Шымкент бағытына арналған рейсті күтіп отырған сәтте ойнап жүріп, шыныдан жасалған бөлім қабырғасына соғылып кеткен.

Соқтығысу салдарынан әйнек жарылып, оның бір бөлігі баланың маңдайына тиген.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында қауіпсіздік қызметі дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметкерлері мен жедел жәрдем шақыртылған.

"Кезекші дәрігерлер алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – делінген ресми хабарламада.

Әуежай әкімшілігі баланың ем-домына кеткен барлық шығынды өтегенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ата-аналардан балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды сұрады.

Администрация воздушной гавани заявила, что покрыла все расходы на лечение и обратилась к родителям с просьбой внимательнее следить за детьми в зоне ожидания.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады