Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар

07.07.2025, 10:50
83
Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар BBC

Тағы 41 адам із-түзсіз жоғалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Техас штатында болған қатты су тасқыны салдарынан кемінде 78 адам қаза тапты, олардың 28-і – балалар. Бұл туралы BBC жазды.

Техас штатының Керр округінің шерифі Ларри Лита жексенбі кешке журналистерге қаза тапқандардың саны округте 68-ге жеткенін айтты: 40 ересек және 28 бала.

Керр округінде балалар лагері су астында қалған. 10 қыз бала және оларды ертіп жүрген кеңесші әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Із-түзсіз кеткендер Керрвилл қаласына жақын орналасқан, Гуадалупе өзенінің жағасындағы Camp Mystic атты жазғы христиандық лагерьде демалып жатқан. Қатты нөсер салдарынан өзен тасып, лагерьді су басқан.

Техастың бірнеше округінде төтенше жағдай жарияланды. Көптеген жолдар қираған, телефон байланысы үзілген.
BBC мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасуда.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды