Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді
Биыл жүлделі орындарға таласып жүрген клубтар осы турда да ұпай санын арттыруға күш салады.
SMARTNEWS.KZ басылымы хабарлайды, Он бір турдан кейін шымкенттік БИИК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді, kazinform.kz сілтеме жасай отырып.
Оныншы турдың ойын кестесі:
«Астана» - «Қайрат» (Алматы)
«Тобыл» (Қостанай) - «Жетісу» (Талдықорған)
«Елімай» (Семей) - «Жеңіс» (Астана)
«Ақтөбе» - «Қызылжар» (Петроппавл)
БИІК (Шымкент) - «Томирис-Тұран» (Түркістан)
«Қайсар» (Қызылорда) - «Оқжетпес» (Көкшетау).
Бұл турдағы жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында «Атырауды» 10:1 есебімен жеңді.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.