Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО)

06.07.2025, 16:50
878
Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Мейіржан Төребаевтан ерте босатылған вайнер тергеу изоляторындағы әрбір күнім екі күнге тең саналды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған вайнер Мейірхан Шерниязов мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет үн қатты.

Ол 5 шілде күні әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, елді мазалаған ең басты сұраққа жауап берді: “Неге тым ерте босап шықтың?”

“Біріншіден, түрмеде отыру оңай емес. Екіншіден, көп жерде мен туралы нақты емес ақпарат тарап кетті. Мені 2022 жылдың 19 сәуірінде ұстады, ал үкім 2024 жылдың 1 ақпанында заңды күшіне енді. Осы аралықтағы тергеу изоляторындағы әрбір күнім екі күнге тең саналды. Сондықтан есеп бойынша – мен жазамды толық өтедім. Не шартты түрде босау, не рақымшылық – ешқайсысы болмады”, – деді вайнер.

Айта кетейік, Мейірхан Шерниязов пен оның әріптесі Мейіржан Төребаев былтыр қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға сотталған болатын. Басқа фигуранттар сегіз жылдан он төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі – 814 миллион теңге, оған қоса 8 миллион теңге мемлекеттік баж салынған.

2024 жылдың желтоқсанында сот Шерниязовтың жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Алайда 2025 жылдың шілдесінде оның бостандыққа шыққаны әлеуметтік желіде үлкен сұрақтар туғызды.

“Біздің іс бойынша да сұрақ көп. Барлығын бірден айтып тастағым келмейді – бұл өзін ақтау сияқты көрініп кетуі мүмкін. Уақыты келгенде біртіндеп бөлісемін”, – деп уәде етті ол видеоүндеуде.

Бұған дейін ҚАЖ комитеті Шернияров пен Төребаевтың Павлодардағы колониядан Алматыға ауыстырылғанын хабарлаған. Бұған себеп – Алматыдағы түзету мекемесінде сотталғандар лимитінің ұлғаюы деп көрсетілген. Желтоқсан айында екі вайнер де жұмысқа орналасқаны хабарланды. Дегенмен Мейіржан Төребаев әлі босап шыққан жоқ.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады