«Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
06.07.2025, 14:12
1258
«Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Көкшетауда ер адам таңғы уақытта көшеде қыздардың көзінше шешініп, оғаш әрекет жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетау тұрғыны өзінің Instagram парақшасында өзі мен құрбыларына қатысты орын алған қолайсыз жағдай жайлы бөлісті.

Айтуынша, олар таңғы уақытта көшеде келе жатқанда, бір топ жігітке жолығады. Кенеттен солардың бірі баршаның көзінше шешініп, қыздарға «Қараңдар!» деп айқайлайды.

«Шынымды айтсам, қарауға тұрмайды да. Жай ғана жиіркенішті әрі ұят. Біз не болып жатқанын түсінбей, шок болдық», – дейді бойжеткен.

Оқиға жұрт арасында үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұзақыны жауапқа тартуды талап етуде:

«Күлетін жағдай емес! Үйде не істесең де, ешкімнің шаруасы жоқ. Бірақ қоғамды мұндай масқарамен неге ыңғайсыз жағдайға қалдырасың?!», «Бет-жүзін жасырудың қажеті жоқ, халық өз «батырын» тануы керек!», - деп жазды олар.

Қалалық полиция басқармасы бұл деректі растады. Белгілі болғандай, ер адамның кім екені анықталған. Оған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Заңға сәйкес, мұндай бұзақылық үшін айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады