SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересінің келіні, кәсіпкер Аида Әлиева туған күнін жақын ортасында атап өтті. Кештің басты қонағы — ресейлік әнші Алсу. Ол туған иесіне ән арнап, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы Orda.kz жазды.
Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің жұбайы — Аида Әлиева туған күнін сән-салтанатпен атап өтті. Instagram желісінде ол кештен үзінділерді бөлісіп, қуанышты сәттерімен оқырмандарымен бөлісті.
Мерекелік отырысқа әнші Алсу да шақырылған. Ол Аидаға арнап әйгілі Happy Birthday әнін орындап, туған иесіне ерекше көңіл сыйлады. Осы сәтте Аида торттағы шамды үрлеп, тілегін айтты.
Әлеуметтік желідегі сторисінде Әлиева:
«Мені Алматы стилінде әдемі құттықтады», – деп үлкен гүл шоғын көрсетіп, ризашылығын білдірді.
Аида Әлиева — еліміздің бұрынғы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың қызы. Ол білімін Швейцария мен АҚШ-та алған. Соңғы жылдары кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Оның бастамасымен Sonder Wellness, Janym, және Zhanartu Charity Funds сынды жобалар жүзеге асырылып келеді.
Жуырда ол «Назарбаев Университеті» жанындағы Executive MBA бағдарламасының түлектерімен өткен панельдік кездесуге қатысып, тәжірибесімен бөліскен болатын.