Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО)

06.07.2025, 14:47
1213
Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) бейнежазбадан / @vechernaya_karaganda

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 шілде күні Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді.

Kia Sedona көлігі Балқаш бағытымен келе жатып, Ақшатау ауылының маңында апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметке сәйкес, көлік жүргізушісі жолдағы ережелерді елемей, алда келе жатқан көліктерді басып озбақ болып, жолдың жөнделіп жатқан бөлігіне шығып кеткен. Соның салдарынан көлік аударылып, лезде отқа оранған.

Оқиға орнында жеті жолаушы мерт болды. Жүргізуші мен тағы бір адам ауыр жарақат алып, жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов хабарлады.

Қазір апатқа қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдарын анықтауға арналған сараптамалар тағайындалды. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін елемеудің салдары тым ауыр болатынын тағы бір мәрте еске салып отыр.

«Жүргізушілерге ескертуіміз — жол ережелерін қатаң сақтау керек. Жылдамдықты асырмау, демалысты дұрыс жоспарлау, арнайы автотұрақтар мен кемпингтерді пайдалану адам өмірін сақтап қалуы мүмкін», — деді полиция өкілдері.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады