SMARTNEWS.KZбасылымының хабарлауынша, Семейде өзен жағасында балық аулап отырған 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім ұрып кеткен. Бұл туралы Orda.kz. жазды.
12 жастағы баланы 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер ұрып кеткен. Алдымен олар балық аулап отырған балаға тас лақтырып, содан кейін баланы суға итеруге тырысқан.
«Ол жүгіріп қашты. Балалар оны қуып жетті. Ол балаларды қармақпен ұра бастады. Олар қармақты сындырып, тепкілей бастады. Баланың білегі сынған, жамбасы көгерген», - деді жәбірленушінің әпкесі.
Осы жағдайға байланысты жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл туралы Абай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Солтабаева айтты. Өңірлік балалар омбудсмені баланың анасымен байланыста екенін мәлімдеді.
RUS