SMARTNEWS.KZ басылымыхабарлайды, Алматы облысында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жасырын есірткі зертханасының жұмысын әшкереледі, Tenginews.kz сілтеме жасай отырып.
ІІМ мәліметінше, Шу қаласынан Алматы облысына "бақыланатын жеткізу" әдісімен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде Қарасай ауданының "Тұрар бақшасы" елді мекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.
Операция барысында көрші мемлекеттің екі азаматы ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар синтетикалық есірткі өндіріп, таратумен айналысқан.
Зертханаға жүргізілген тінту кезінде 20 литр және 115 келі психотроп заттар, сондай-ақ, екі тоннадан аса прекурсор табылды. Құқық қорғау органдарының бағалауынша, осы шикізаттан тағы 120 келі синтетикалық есірткі өндірілмек болған.
Осылайша көлеңкелі есірткі нарығына келтірілген жалпы залал 17,5 миллион долларға бағаланып отыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.