SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазір жоғары сыныптың екі оқушысы сотқа тартылды. Оларға Қылмыстық кодекс бойынша “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” және “Бұзақылық” деген айып тағылды.
Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын сыйластық танытпады деген сылтаумен жазаламақ болған. Сотталушылардың бірі тізіліп тұрған өзінен кіші балалардың бетінен ұрған.
“Сотталушы К жәбірленушінің кеуде тұсынан жұдырығымен қатты ұрған. Жәбірленушінің жүрегі рефлекторлы тоқтап, салдарынан ауыр дене жарақатынан мерт болды", – делінген сотта.
Сот шешімімен кәмелетке толмаған қаскөй 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ал бұзақылық жасағаны үшін екі сотталушы да тараптардың татуласуына байланысты жазадан құтылып кетті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.