959

Той тойлап болса, татами күтіп тұр: Сметов жарысқа қашан шығады?

Париж Олимпиадасының алтынын иеленген Елдос Сметов еліміздің түкпір-түкпірін аралап, лайықты марапатқа ие болғаны белгілі. Теледидардағы бағдарламалар өз алдына, Тоқаевпен бірге Франция еліне сапарлап қайтты. Туған жерінде ұлан-асыр той жасады. Енді жарыс жолына қашан шығады екен?

Той тойлап болса, татами күтіп тұр: Сметов жарысқа қашан шығады?
olympic.kz

Белгілі болғандай, Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша 2025/26 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Бас бапкердің айтуынша, Қазақстан чемпионатына қатысудан босатылған дзюдошылар да негізгі құрамға енеді. ОларҒұсман Қырғызбаев, Елдос Сметов, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан. Бұл спортшылар негізгі құрамда болатыны айтпаса да түсінікті.

Сонымен қатар ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың жаттығуға қашан кірісетінін айтты.

«Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев келесі жиыннан бастап командаға қосылады. Олар біртіндеп жаттығуға оралып жатыр. Жаттығу жиыны 9 қаңтарда Астанадабасталады», – деді Н.Сүлейменов.

Материал авторы