«Біреуің де араласпаңдар»: Өзенмұнайгаздың бастығы ереуілге шыққан жұмысшысын қорқытқан видео тарады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
19.11.2024, 19:27
705
«Біреуің де араласпаңдар»: Өзенмұнайгаздың бастығы ереуілге шыққан жұмысшысын қорқытқан видео тарады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

«Өзенмұнайгаз» басшысы ереуілге шыққан жұмысшыны ұрып-соғатынын айтып, қорқытқан. Ал бұл сөздерді компания «басшы эмоцияға беріліп айтып қойыпты» деп мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры Жанболат Амангелдіұлы Саймағанбетовтің барлық ереуілшілердің көзінше жұмысшыны ұрып-соғамын деп ашық айтқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Видеода компания басшысы Жанболат Амангелдіұлы Саймағанбетовтің шеруге жиналғандардың алдына шығып, сол жердегі қызметкерлердің біріне балағат сөз айтқаны естіледі. Ол жұмысшыны жеке шығып сөйлесуге шақырып, сес көрсеткен. 

«Жігіттер, қазір бұл жерге «Өзенмұнайгаздың» директоры ретінде емес, Жаңаөзеннің адамы ретінде алдарыңа келіп тұрмын. Сенің басың айналды ма, не болды? Екеуміз қазір қарапайым жұмысшы ретінде сөйлесеміз. Біреуің де араласпаңдар. Қазір мұның осы жерде жанын шығарамын, .…таяқ жейді.

Жігіттер, кімнің артынан еріп жүргендеріңді тыңдаңдар. Бұл өткенде келіп менен ақша сұрады. Бірде былай, бірде басқаша сөйлеп, құбылып жатыр. Менің барлық дәлелім бар. Сені соттайды, білесің бе? Мұнымен қоймай бастығынан келіп ақша сұрайды. Өткенде үйде 20 күн жатқанда күртеше сұрадың. Басқа жаққа барып жағынасың, мұнда келіп басқа нәрсе айтып тұрсың. Тексеріп кел деген нәрсені дұрыс түсінбей, керек емес дүниені басыңа іліп аласың», – деп сөйледі компания басшысы.

Stan.kz редакциясы компаниядан басшының бұлай айтуына не себеп болғанын және шеруге шыққан қызметкерлердің басты талабы не екенін сұрады.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы бұл жағдайға қатысты компания басшысымен әңгімелесу жүргізілгенін хабарлады. Оқиғаға байланысты өкінішімізді білдіреміз. Бас директор эмоцияға беріліп, осындай сөздер айтып қойды. Біз «Бұрғылау жұмыстары басқармасының» қызметкерлерін сабыр сақтап, арандатушылықсыз, конструктивті диалогқа қатысуға шақырамыз», – делінген хабарламада.

Компания өкілдері ереуілшілердің инцидентке дейін инженерлік-технологиялық қызметкерлердің кабинеттеріне кіріп, оларды рұқсатсыз акцияға қосылуға мәжбүрлегенін айтты.

Бұған дейін ереуілге шыққан «Өзенмұнайгаз» қызметкерлері:

– зейнеткерлердің балалары мен денсаулығынан айырылғандардың балаларын жұмысқа алуды,

– Жаңаөзендегі жұмыссыздықты шешуді, 

– 2013 жылғы ұжымдық келісімдегі тәуелсіз еңбекақы жүйесіне қайта оралуды,

– жүргізушілер мен операторлардың мәртебесін көтеруді талап етіп келеді.

Сонымен қатар олар тәуелсіз еңбекақы жүйесіне көшсе, жалақының көтерілуіне сенімді. Бірақ «Өзенмұнайгаз» басшылығы бұл талаптарды заңсыз деп танып, келіссөздер жүргізіп жатыр. Ереуілшілердің жанайқайы 7 айдан бері ескерілмеген.

13 қарашада басқа үш кәсіпорынның жұмысшылары оларды қолдап, ереуілге шықты. Компания барлық талапты заң аясында қарастырып жатырмыз деп уәде берген.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол