Мылқау әйелді пансионаттағы жұмысшы әйел мен оның қызы жезөкшелік құлдыққа салған

19.11.2024, 16:20
750
Мылқау әйелді пансионаттағы жұмысшы әйел мен оның қызы жезөкшелік құлдыққа салған PhotoXpress

Оны күдіктілер Қостанайдан Астанаға жасырын ұрлап әкеліп, өтірік құжаттар жасатып ұстаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 55 жастағы мүгедек есебінде тұрған әйелді шарасыздығын пайдаланып оны секс-құлдыққа салған. Күдіктілер – жұмысшы әйел мен оның қызы боп шықты. Бұл туралы LIDER.KZ іздеу-құтқару еріктілер жасағының Астанадағы жетекшісі Айзада Жүсіпова Kazinform агенттігіне айтып берген.

«Екі жыл бұрын мынандай жағдай болды: мүгедектер есебінде тұрған 55 жастағы әйел (мылқау) Шұбар шағын ауданындағы «Забота» пансионатында күні-түні жұмысқа жегілген. Онда мүмкіндігі шектеулі, өздігінен жүріп-тұра алмайтын адамдар да мекен етеді, солардың дәретін тазалатқан. 

Сондай-ақ бұл әйелдің мүгедек екенін, мүлде сөйлей алмайтынын пайдаланып жыныстық құлдыққа да салған. Біз ол әйелді тауып алып, полицияға тапсырдық. Арада екі ай өткен соң прокуратура хабарласып, ол әйелдің Қостанайдан Астанаға жасырын әкелінгенін, құжаттары қолдан жасалғанын мәлімдеді», - деді Айзада Жүсіпова.

Іздеу-құтқару жасағы жетекшісінің айтуынша, мүгедек жанды құлдыққа салғандар — әйел адам мен оның қызы. Олар сол «Забота» пансионатында жұмыс істеген.

Айзада Жүсіпова мұндай жағдайда еріктілер ұйымы тек жоғалған адамды тауып, құқық қорғау органдарына табыстайтынын, әрі қарайғы іс олардың құзіретіне жатпайтынын атап өтті.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады