«Әкесымақтың кесірінен ұлым Қазақстанға қайта алмайды»: блогер «Жаным-Баклажаным» бұрынғы күйеуін әшкереледі (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
19.11.2024, 17:43
879
«Әкесымақтың кесірінен ұлым Қазақстанға қайта алмайды»: блогер «Жаным-Баклажаным» бұрынғы күйеуін әшкереледі (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

«Жаным-Баклажаным» желіде үш баланы бауырына басып танылған блогер қыз еді. Ол екі жыл бұрын төрт баласымен Майк есімді америкалық филиппин жігітіне күйеуге шыққан. Ал блогерді төрт баласымен тастап кеткен бірінші некесіндегі қазақ жігіті Саяжан Ешанқұлов бір ұлына рұқсатнама қағазын бермей қырсығып отырған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде «Жаным-Баклажаным» лақап атымен танылған Айдын Тоқсанбаева экс-жұбайы Саяжан Ешанқұловпен болған дауды жайып салды. 

Блогердің сөзінше, жанжалға себепкер болған ұлының басқа елдерге саяхаттау үшін әкесінің рұқсат қағазы керек көрінеді. 

«Шетелде жүрген адам ғана түсінер. Сонша жүріп барлық құжатты бітірдім дегенде сенің өміріңде жоқ адамның рұқсат қағазын сұрайтынын білмедім. Елден кеткенімізге екі жыл болып еді. Сонша күйіп, пісіп, ашуланып, иттік жасап, ақыры ұтылдым.

Бір жапырақ әкесымақтың рұқсатын ала алмағандықтан бір балам АҚШ-тан басқа елге шыға алмайтын болды. Тіпті Қазақстанға да бара алмайтынын түсінбейді. Құжат үшін бұрынғыны еске алып, біреудің жырын жариялау – оңбағандық. Бірақ үміт болды. Өмір сүруді жалғастырамыз. Ұлым 14 жасқа келгенде не үшін шетелге шыға алмайтынын түсіндірермін», – деп жазды блогер.

Айдын Тоқсанбаева – төрт ұлды тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Ол бұған дейін үш ұлын өзі асырап алып, бауырына басқан. Сол әрекетімен желіде танымал болып, көптің сүйіспеншілігіне бөленген блогер. Ол бірнеше жылдар бұрын Саяжан Ешанқұловпен есімде қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, артынша ол Айдынды төрт баламен тастап кеткен.

Қиындықтардан соң АҚШ-қа оқуға түсіп, артынша сол жақта жұмыс істеуді бастаған блогер екі жыл бұрын Майк есімді америкалық филиппин азаматпен бас қосып, ұлдарымен АҚШ-қа түбегейлі қоныс аударған. Қазір Майк пен Айдын 4 ұлды бірге тәрбиелеп отырған желі қолданушыларының сүйікті жұбы.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген