Елімізде крематорий салынады: Өлген адамды өртеуге қалай қарайсыз?

19.11.2024, 16:45
151
Елімізде крематорий салынады: Өлген адамды өртеуге қалай қарайсыз? Wikipedia.org / Georg Lippitsch

Бұрындары өлген адамды өртеуді үнді киноларынан көретін едік. Бұл құбылыс біздің қоғамға да ене бастады. Мәселен, Денсаулық сақтау министрі «Зираттар мен жерлеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына түзетулер әзірледі.

Ашық НҚА порталына орналастырылған түзетулерге сәйкес, колумбарийлер мен қайтыс болған адамдардың күлі бар жәшіктерді жерлеуге арналған қайғы қабырғалары арнайы бөлінген жер учаскелеріне орналастырылуы керек.

Колумбарийлер мен қайғы қабырғаларын зираттар аумағынан тыс жерлерде тұрғын үйлерден, емдеу, балалар, білім беру, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелерінің, бау-бақша серіктестіктерінің, коттедждік құрылыстардың, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің аумақтарынан кемінде 50 метр қашықтықта оқшауланған жер учаскелерінде орналастыруға болады. Кремациядан кейінгі қалдықтарды (күлді) урналарға көмуге колумбарийлерде және қабірлерде жол беріледі.

Крематорийлер және колумбарийлер құрамында үй-жайлардың мынадай топтары көзделеді:

- қайтыс болған адамдарды тамбурмен, вестибюльмен, тоңазытқыш камераменқабылдау үй-жайлары және қайтыс болған адамдарды кремациялауға дейін сақтауға арналған үй-жайлар;

- қайтыс болған адамдарды кремациялауға, кремация залы, кремацияланған қалдықтарды өңдеу үй-жайы, күлі бар жәшіктер қоймасы, газ тазарту үй-жайы, жөндеу шеберханасы, инженерлік-техникалық қызмет үй-жайлары, санитариялық-техникалық үй-жайлары, демалыс және психологиялық тұрғыдан жеңілдену бөлмесі бар өңдеуге және сақтауға арналған үй-жайлар.

Крематорийлердің құрамына кіретін барлық үй-жайларды механикалық ынталандырумен жабдықтау және шығару желдету жүйелерімен жабдықтау қажет. Ауаны қайта өңдеу жүйелерін қолдануға жол берілмейді.

Крематорий - қайтыс болған адамдарды кремациялауға (өртеуге) арналған пештермен жабдықталған технологиялық кешен.

Колумбарий – қайтыс болған адамдарды кремациялаудан кейінгі күлі бар жәшіктерді сақтау орны.

Құжат 2 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

«Сөмке жинағанша, сауап жинасаңшы»: Ерке Есмахан өзінен көмек сұраған оқырманына ұрысып берді «300 мыңнан бастап 3,5 млнға дейін»: отандық әншілер тойыңызға бару үшін қанша мың гонорар сұрайды? «Біреуің де араласпаңдар»: Өзенмұнайгаздың бастығы ереуілге шыққан жұмысшысын қорқытқан видео тарады (ВИДЕО) «Ұрлап алған сияқтымын, бетіне қалай қараймын?»: «Халық әртісі» атанған Майра Ілиясова әріптесінің алдында ұялды «Халық әртісі» атанған Лидия Кәденоваға ұл-келіні той жасап беріп, қажылыққа жолдама берді (ВИДЕО) «Бала тумайынша, өлмеймін»: жұбайымен 20 жыл перзент күткен Майра Мұхамедқызы күйеуіне алғысын айтты Петропавлда сепаратистер азаймай тұр «Әкесымақтың кесірінен ұлым Қазақстанға қайта алмайды»: блогер «Жаным-Баклажаным» бұрынғы күйеуін әшкереледі (ВИДЕО) Перизат Қайраттың «ұрлық жасап оқудан шығарылғаны» туралы ақпаратқа қатысты колледждер түсініктеме берді Той тойлап болса, татами күтіп тұр: Сметов жарысқа қашан шығады? Көкөніс көп, проблема жоқ Елімізде крематорий салынады: Өлген адамды өртеуге қалай қарайсыз? Мылқау әйелді пансионаттағы жұмысшы әйел мен оның қызы жезөкшелік құлдыққа салған «Бәйгені шаппай алатын Димашқа беретіні белгілі»: Халық әртісі атағына алғаш ұсынылғанда Димаш алдын орап кеткенін айтты Аймағанбетовтің сүйінші жаңалығы: Енді оқушылар да «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқи алады Алты ай бойы жалақыны ала алмау: Мұғалімдер шу көтерді «2 апта күттім»: актер Шерхан Пірназар атын заңсыз пайдаланып, байып жүргендерді қорқытты «Еркектер бір жүрген сорлы»: Болат Әбділманов «Жезтырнақ» фильміндегі әйелдерді сынады Доллар бағасы аспандап барады: Шаққалиевтің пікірі қандай Тамақ һәм тарақан: Мектеп асханасы күнделікті тексеріледі