Перизат Қайраттың «ұрлық жасап оқудан шығарылғаны» туралы ақпаратқа қатысты колледждер түсініктеме берді

19.11.2024, 17:20
1015
Перизат Қайраттың «ұрлық жасап оқудан шығарылғаны» туралы ақпаратқа қатысты колледждер түсініктеме берді бейнежазбадан алынған кадр

Екі колледжде де тек бір жыл оқып, оқудан шығып қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені, Палестинаға көмек ретінде жиналған 200 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайрат өзі оқыған колледж жатақханасында телефон ұрлап, оқудан шыққаны туралы ақпарат тараған еді. Рас-өтірігін анықтау үшін Stan.kz сайты «Маңғыстау өнер колледжі» мен «Эстрада-цирк колледжіне» сұрау салған. 

«Biz Birgemiz» қорының негізін қалаушы Қасенғалиева Перизат Қайратқызы «Маңғыстау өнер колледжіне» 2006-2007 оқу жылында «Хорда дирижерлік ету» мамандығы бойынша 1-курсқа қабылданған. Кейін 2008 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы «Эстрада-цирк колледжіне» ауысып кеткен.

Екі оқу орнында да Перизат Қайрат бір жыл, бір жылға жетпейтін уақыт оқыған.

Маңғыстау колледжі Перизаттың басқа оқу орнына не себепті ауысып кеткенін айтудан бас тартқан. Ал Ж.Елебеков атындағы «Эстрада-цирк колледжі» Перизат Қайраттың оқудан шығып қалғанын растаған.

«Колледж мұрағатынан Перизат Қайрат (Қасенғалиева) туралы келесі мәліметтер табылды. Қасенғалиева Перизат – 2008 жылы ақпан айының екінші жарты жылдығынан бастап, Маңғыстау өнер колледжінен ауысуына байланысты 1-курс «Жеке ән салу» бөліміне бюджеттік оқу түріне қабылданған.

«Жеке ән салу» бөлімінің 2-курс студенті Қасенғалиева Перизат 2008 жыл қазан айының 24-нен бастап өз еркімен оқудан шығарылған. Перизат Қасенғалиеваға академиялық анықтама берілген», – деп мәлімдеді колледждің баспасөз қызметі.

Фото: Stan.kz

Айта кетейік, желіде Перизат Қайратпен бірге бұрын бір колледжде оқыдым деген бейтаныс қыздың видеосы тараған еді. Ол өзінің Эстрада-цирк колледжінде Перизат Қайратпен бірге оқығанын айтқан

«Сол кезде Ақтаудың колледжінен 2-курсқа Қасенғалиева Перизат деген қыз ауысып келді. Бір жарты жылға жетпейтін аз уақытта оның артынан жатақханада телефон, камераларды ұрлап, соның ақшасымен күн көретіні туралы әңгіме тарады. Ол қызды кейін тіпті оқудан шығарып жіберді. Кейде сол қыз қайда кетті екен деп ойлайтын едім», – деді ол видеода.

Ж.Елебеков колледжі желіде тараған ұрлыққа қатысты ақпаратты жоққа шығарды.  

«Колледж мұрағатында П.Қасенғалиеваның ұрлық жасағаны үшін оқудан шығарылғаны туралы мәліметтер жоқ», – делінген жауапта.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды