«Еркектер бір жүрген сорлы»: Болат Әбділманов «Жезтырнақ» фильміндегі әйелдерді сынады

Аиса Махамбет Редактор
19.11.2024, 13:31
753
«Еркектер бір жүрген сорлы»: Болат Әбділманов «Жезтырнақ» фильміндегі әйелдерді сынады instagram.com/zheztyrnak_film, rtrk.kz

Болат Әбділманов «Жезтырнақ» фильмінде еркектерді әлсіз, әйелдерді күшті етіп көрсеткені үшін ашуланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов «Жезтырнақ» фильміндегі әйел кейіпкерлерді жасаған авторларға ренішін айтты. Айтуынша, өнер иесіне әйелдерді батыр етіп көрсеткен фильм көңілден мүлде шықпаған.

«Жақында кинотеатрдан «Жезтырнақ» деген фильм көрдім. Киноның жетістіктері, жалпы тартымдылығы кәсіби деңгейде. Оған дау жоқ. Актерлардың ойыны, кадрдан кадрға ауысуы, бүкіл бет-пішін, көзқарасы бәрі өз орнында. Актерлық ансамбль бар. Досжан Жанботаевтан бастап, Қарабалиндер, жас бала, басты рөлді ойнаған қыз да, бәрі де өз орнында, сендірді. Оператордың да жұмысы өте жақсы, режиссер да актерлармен жұмыс істей алған, тапсырма дұрыс қоя біледі. Актерлар да өз рөлдеріне сай келіп тұр.

Бірақ менің айтайын дегенім бұл емес еді. Жалпы фильмнің мазмұны, идеясында ойланатын дүние бар. Бұл кинода әйелдер бәрін қырып салады, еркектер бір жүрген сорлы. Еркек емес телпек, жігіт емес мігіт. Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды, әйелдің өзінің барлық физикалық күшін көрсетіп, сол жерде жеңімпаз болады.

Әйелдің қаруы оның күші ме? Әйелдің қаруы - жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, сабырлығы, ақылдылығында емес пе? Әйел затының көз жасының алдында ерімейтін қара тас жоқ. Кез келген еркек әйелдің алдында оның әлсіздігін көргендіктен, оны құрметтейді, қадірлейді. Ал енді қазір әйел мен еркектің орны ауысып бара жатқан секілді. Отбасыда әйелдің басшы болуы, ертең мемлекетті де әйел басқарады дегенге әкеліп тұр. Енді өздеріңіз ойлаңыздар. Осы жерді қорғайтын баланы рухты, намысты, мінезді ұрпақ қылып қалай тәрбиелейміз. Мектепке келеді, мектептің көбі, ұстаздардың 70-80 пайызы әйел адамдар. Біздің ел бүгінде ажырасудан алдыңғы ондыққа кіреді. Әкесіз, анасының қолында, әйелдің тәрбиесімен өскен балалар, мектепте де сол», – деді ол.

Осылайша өнер иесі отандық фильмдерде әйелдердің кейіпін жасанды түрде күштірек етіп көрсетуге тырысып жатқан авторларға шағымын айтты. Болат Әбділманов «жұмсақ күштің» құзыры мен көмегін киногерлерге дұрыс пайдалануға кеңес берді.

«Енді киноға келетін болсақ, кино деген көркем дүние ғой, ол бір мемлекетшілдікке, елдікке, патриоттық сезімді оятып, елін-жерін қорғайтын, рухты азаматтарды тәрбиелейтін орын деп ойлаймын. Ал бұл жерде де сол әйел белең алып, үстемдік қойып жүр. Жалпы әйел ежелден, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр бойынша, отанасы, үйдің шамшырағы, жары келгенде тамағын дайындап, үйін таза ұстап, жылы қабақпен, күлімсіреп қарсы алады. Ертең күйеуі үлкен биіктерді бағындыратын кезде, оған бір демеу, мотивация беру. Еркек дүниедегі барлық ісін әйел затына дәлелдеу үшін жасайды ғой.

Сондықтан әйел мен ер адам өз орнында болса, біздің қоғам да, мемлекетте дамиды деп ойлаймын. Қазір көптеген фильмдерді жекеменшік студиялар түсіреді, енді олар ақша өзіміздікі деп, неше түрлі дүние түсіреді. Осыған байланысты кино саласында да ойланатын көп дүние бар. Менің киноға айтар пікірім осы», – дейді актер.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды