«Бәйгені шаппай алатын Димашқа беретіні белгілі»: Халық әртісі атағына алғаш ұсынылғанда Димаш алдын орап кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
19.11.2024, 15:47
1416
«Бәйгені шаппай алатын Димашқа беретіні белгілі»: Халық әртісі атағына алғаш ұсынылғанда Димаш алдын орап кеткенін айтты Sputnik / Тимур Батыршин, t.me/aqorda_resmi

Димашты 9 жасында өзім сахнаға шығардым деп еске алды Майра Ілиясова.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биыл Республика күні қарсаңында Майра Ілиясова Қазақстанның «Халық әртісі» атағын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ берген сұхбатында айтты.

Өнер иесі аталмыш атаққа былтыр да ұсынылған. Бірақ әнші оны Димаш алатынын сезген екен.

«Сол Астана қалалық филармонияның директоры «Майра апай, сізді «Халық әртісі» атағына ұсындық. «Эстрада өнері» бағыты бойынша бір ғана адамға беріледі екен. Сіздер үш адам түсіп жатырсыздар. Бірақ сіздің қарсыласыңыз мықты. Ескертіп, айтып қояйын» деді. Мен күлдім де олардың кім екенін сұрадым. 

Сөйтсем Димаш Құдайберген мен Нұрлан Өнербаев екен. Нұрлан екеуміз көбінесе бір ортада жүреміз негізі. «Бұл жерде бір адамға берілетін болса, онда шаппай бәйге алатын Димаш қой. Біз Қазақстанды бағындырсақ, ол әлемді бағындырып отыр» деп бірден айттым», - дейді Майра Ілиясова.

Өнер иесі атақты алуға өзінен гөрі Димашты лайық санаған. Тіпті оны 9 жасында сахнаға алып шыққан кезді де еске алды.

«Сонымен бірінші жылы Димаш Құдайберген «Халық әртісі» атағын алды. Негізі Димашты 9 жасында өзім сахнаға шығардым. Өзімнің балам сияқты, атақ алғанына қуандым. Димаштың ата-анасымен 25 жылдан астам уақыт болды туыс сияқты араласамыз», - дейді Майра Ілиясова.

Десе де Астанадағы филармония директоры араға бір жыл салып Майра Ілиясованы тағы да «Халық әртісі» атағына ұсыныпты. 

«Директор биыл бұл марапатқа менен басқа тағы кімдердің ұсынылғанын айтпады. Мен де сұрамадым. Бір күні түнгі 11:00-де бір қыз ентігіп қоңырау шалды, «Майра апай, сәлеметсіз бе? Президент аппаратынан хабарласып тұрмын. Шұғыл түрде суретіңіз керек» дейді. Олар не үшін екенін айтпады, мен де сұраған да жоқпын. Осыдан 5-6 жыл бұрын түскен суреттерім бар еді, соны апарып бердім. Содан кейін маған хат келді. 

Президенттің жарлығымен Майра Ілиясова «Қазақстанның Халық әртісі» деп жазылған. Содан кейін шақырып, кеудемізге тақты. WhatsApp-та бірден құттықтаған адамдардан 500 хабарлама келді, тіпті оқуға шамам келмей қалды. Танымайтын адамдардың мен үшін қуанып жүргеніне таңғалдым», - дейді Халық әртісі.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады