«Халық әртісі» атанған Лидия Кәденоваға ұл-келіні той жасап беріп, қажылыққа жолдама берді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
19.11.2024, 18:25
1581
«Халық әртісі» атанған Лидия Кәденоваға ұл-келіні той жасап беріп, қажылыққа жолдама берді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

50 жылдық еңбектен соң атақ иеленген Лидия Кәденоваға ұлы мен келіні дүркіретіп той жасап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал актриса Лидия Кәденова «Халық әртісі» атағын иеленгенін үлкен той жасап, жақындарымен дүркіретіп атап өтті. Өнер иесінің қуанышына бірқатар танымал тұлғалар жиналған. 

Лидия Кәденова бұл қуанышын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде тойлаған. Актриса той төріне ұлы, келіні мен қос немересімен бірге шыққан. Дүбірлі шара тізгіні белгілі асаба Ерқанат Ермахан мен актер Нұржан Әбубәкірде болды.

Лидия Кәденованы «Халық әртісі» атағын алғанымен арнайы құттықтап келген жұлдыздар арасында Асанәлі Әшімов, Роза Рымбаева, Досхан Жолжақсынов, Жұбаныш Жексенұлы, «МузАРТ» тобы, Әли Оқапов, Мұхтар Ханзада және т.б болды.

Жұлдызды қонақтар мейрамхана ортасына шығып, көпшілікке өнерін паш етті. Ұлы Дидар Кәден мен келіншегі құрметті атақпен құттықтап, анасына қажылыққа жолдама сыйға тартты.

Айта кетейік, Лидия Кәденова – 1974 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етіп келеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады