1752

«Ұрлап алған сияқтымын, бетіне қалай қараймын?»: «Халық әртісі» атанған Майра Ілиясова әріптесінің алдында ұялды

Майра Ілиясова «Халық әртісі» атағын алған соң әріптес құрбысының бетіне қарай алмаған.

«Ұрлап алған сияқтымын, бетіне қалай қараймын?»: «Халық әртісі» атанған Майра Ілиясова әріптесінің алдында ұялды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Майра Ілиясова «Халық әртісі» атағын алған сәтте бір әріптесінен ғана қатты ыңғайсызданған екен. Бұл туралы ол KAZ.NUR.KZ берген сұхбатында айтты.

«Бағдат Сәмединова да «Халық әртісі» атағына лайықты әнші. Бірақ үш жыл бұрын «Парасат» орденін алыпты да, арасы бес жыл өтпей келесі атақты бермейді екен, сондай заңдары бар. Бағдат Сәмединоваға алмағанға мен қатты ренжідім, жанында жүрмін, бетіне қалай қараймын деп ыңғайсыздандым. 

Бір нәрсені ұрлап алған сияқты көңілім түсті. Сосын Бағдатқа қоңырау шалдым, көңіл-күйі жақсы екен. Алдағы уақытта Бағдат Сәмединова «Халық әртісі» атағын алады деген ойдамын», - дейді өнер иесі. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Майра Ілиясованың ұйымдастырған «Жан анам», «Сағындырған әндер-ай», «Бабалар үн» атты жобалар халыққа жақсы таныс.

Сондай-ақ өнер иесі кезінде эстрада жұлдыздары Тамара Асар, Жанболат пен Жазира, Мирас пен Құралай, Нұрболат Абдуллин, «Серілер», «Қыздар-ай», «Ерке», «Хассақ» сынды топтардың танылуына қолдау көрсеткен еді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор