754

Алты ай бойы жалақыны ала алмау: Мұғалімдер шу көтерді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік гимназиясының мұғалімдері бір емес, екі емес, 6 айдан астам уақыт бойы тиісті еңбекақыларын ала алмаған.

Алты ай бойы жалақыны ала алмау: Мұғалімдер шу көтерді
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Облыстық прокуратура таратқан мәліметке сүйенсек, мектеп басшылығы банкроттық деңгейде болғандықтан мұғалімдерге 6 айдан астам уақыт жалақы төлей алмаған.

«Мектеп басшылығы 56 мұғалімге жалпы сомасы 40 млн теңге қарыз болып қалған. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылған. Содан түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтардың еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілген. 

Материал авторы