Шымкентте оқып жатқандар үнді студент жүрегі тоқтап, қайтыс болды – Үндістанды БАҚ

Аиса Махамбет Редактор
03.04.2025, 12:48
846
Шымкентте оқып жатқандар үнді студент жүрегі тоқтап, қайтыс болды – Үндістанды БАҚ indiatoday.in

21 жастағы студент ауруханаға жете алмай көз жұмған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте үндістандық студент жаттығудан кейін жүрек талмасынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Үндістандық India Today басылымының мәліметінше, көз жұмған студенттің есімі Уткарш Шарма, жасы 21-де болған. Ол Раджастхан штатынан Шымкентке келіп, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында медицина мамандығы бойынша білім алып жүрген.

29 наурызда студент спортзалдағы жаттығудан кейін жүрек талмасына ұшыраған. Шарма досына қоңырау шалып үлгереді, досы бірден көмекке келіпті. Алайда студент ауруханаға жете алмай көз жұмған, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Жүрек талмасынан үш сағат бұрын Шарма әпкесімен телефон арқылы сөйлескен. Әпкесіне ол жағдайы жақсы екенін айтып, ешқандай шағымы болмаған.

31 наурызда марқұмның әкесі ұлының денесін алып кету үшін Қазақстанға ұшып келді.

Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2003 жылы туған студенті 30 наурызға қараған түні көз жұмғанын растады.

"Түнде науқастың жағдайы күрт нашарлаған. Жанында болған студенттер мен көршілері жедел жәрдем шақырған. Алайда, дәрігерлер келген кезде оның қайтыс болғанын анықтады. Оған кардиомиопатия диагнозы қойылды. Марқұмның ата-анасы Қазақстанға келді, ал университет мәйітті бальзамдау және Үндістанға жеткізу шығындарын өз мойнына алды. Ата-анасына көңіл айтылды, олардың ешқандай шағымы жоқ. Бүгін сағат 17:45-те ата-анасы мен студенттің денесі ұшақпен Үндістанға аттанды", – делінген министрлік хабарламасында.

Шымкент қалалық полиция департаменті студенттің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады. Марқұмның зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды