Қазақ тілін дамыту үшін «Қазақ тілі» қоғамына 200 млн теңге бөлінді

03.04.2025, 17:20
1442
Қазақ тілін дамыту үшін «Қазақ тілі» қоғамына 200 млн теңге бөлінді Zakon.kz

Бұған дейін Тоқаев 7 млн теңге көлемінде жарна аударған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Lancaster Group акционерлері — Берік Қаниев, Гаухар Қаппарова және Юрий Пак Qazaq Tili Endowment қорына 200 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Қазақ тілі» қоғамының баспасөз қызметі жеткізді.

— Бұл — қазақ тілін қолдау қорына бағытталған ең қомақты үлестің бірі, — делінген хабарламада.

«Қазақ тілі» қоғамының эндаумент қоры 2023 жылы мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау мақсатында жүйелі және тұрақты жұмысқа қажет қаржылық негіз қалыптастыру үшін құрылған. Бірінші болып бұл бастаманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, 7 млн теңге көлемінде жарна аударған еді. Мемлекет басшысының бұл бастамасын белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен қазақ тілінің жанашырлары жалғастырды.

Сурет: til.kz

Эндаумент қордың басты мақсаты — еліміздегі мемлекеттік тілді дамыту және қолдау бағытында жұмыс істейтін ең ірі қоғамдық ұйым — «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету. Эндаумент қорының ерекшелігі бар, онда жиналған қаражаттың өзі жұмсалмайды. Тек қордың инвестициялық қызметінен түскен табысы ғана «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттерін жүзеге асыруға жұмсалады. Qazaq Tili Endowment қоры тәуелсіз қамқоршылар кеңесіне бағынады. Қамқоршылар кеңесі құрамында беделді қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен ірі демеушілер бар.

Қордық жария есебі мен мен демеушілер тізімі www.til.kz сайтында жарияланады. Lancaster Group аударатын қаржыға дейін қор есепшотында 503 669 299 теңге болды. «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының айтуынша, 2024 жылы Qazaq Tili Endowment қорының үстеме табысы 75 млн теңгені құрады. Осы қаражат есебінен өткен жылы 40-тан астам жоба мен іс-шара жүзеге асырылды. Олардың қатарында Oxford Qazaq Dictionary жобасы, Disney, Pixar және Sony студиялары фильмдерінің дубляж жұмысын насихаттау, кеңінен тарату және әдістемелік құралдар әзірлеу, балаларға арналған, іскерлік және ғылыми-танымдық кітаптарды аудару және басып шығару, өзге де маңызды бастамалар бар.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды